ҚАЙЫЗҒАҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Әр нәрсеге мән беріп қараған халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш деп қараған. Шашқа ерекше күтім жасаудан жалықпаған. Сол себепті де, ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған. Шаш күтіміне байланысты ескіден келе жатқан түрлі мақалдар мен тыйымдарды білеміз. Сол кездің өзінде қас сұлуларымыздың  шаштары қалың. “Қазір не кедергі деген сұраққа кез болып, жауабын таппай дал болып жатқан жайымыз бар”.

Әрбір адамның сыртқы мен ішкі жан дүниесін ұштастырып тұратын мінез әлемі бар. Сол мінезіміздің түрлі болуына байланысты, кей жағдайлар біздің ағзамызға кері әсерін тигізіп жатады. Адамның мінезін бірқалыпта ұстап тұруы өте қиын құбылыс. Әсіресе, қатты күйзеліске немесе уайымға түскен шақта. Осы кезеңде адамның шашы көп түсе бастайды немесе қайызғақтар пайда болады. Көпшілік асығыс шешім қабылдап, дүкендерден ең қымбат деген дәрілер мен сусабындарды сатып алып жатады. Алайда, оның оң нәтиже беретініне кім кепіл болмақ? Сондықтан үй жағдайында қолдағы бар дүниелерден табиғи қоспа жасауға болатынын ескерген жөн.

Бірі білсе, бірі біле бермейтін кір сабын мен сірке суының сиқыры. Әдетте, өзім қатты уайымдаған сәттерде шаштарымның құрылысы өзгеріп жатады. Басында, әрине, көп мән бермеуші едім. Кейін байқап қарасам шашыма қайызғақтар толып кетті. Сөрелерде тұратын ең қымбат деген сусабындардан бастап дәріханалардағы шашқа арналған сұйықтықтарды пайдалануға кірістім. Алайда, мен ойлағандай болған жоқ. Саны азаюдың орнына, көбейіп кетті. Көненің көзі, әжемнің кеңесіне құлақ салдым. Бастапқыда, кір сабын мен сірке суы дегенде күлкім келген. Былай қарасақ екеуіде қолжетімді дүниелер. Менде басқа амал болмағандықтан, соңғы бір қадамды жасап көруге бел будым. Ендеше жуу тәсіліммен бөлісіп кетейін:

  1. Ең алдымен легенге жылы су құйып аламыз.
  2. Шашымызды жылы сумен жуып болған соң, кір сабынды алып көпіртеміз.
  3. Легенге таза су жинап, оған 1 ст. қасық уксус құямыз. Кейін көзіңізге тиіп кетпес үшін, барынша жұмуға тырысып отырыңыздар.
  4. Барлығын жасап болған соң, шашыңыз жылтырап, тез таралады. Ал қайызғақтың біреуінде таппай қаласыз.

Бастапқыда менде сенбеген едім. Жасап көргеннен кейін нәтижесі қатты қуантты. Сол себепті, қыздарға берер кеңесім, қымбат дүниелерге құмартпай ең алдымен үй жағдайында қолданып көрейік.

Лаура АЛТЫНБЕК

Журналист

 

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *