Қазақ тілін дамытуға арналған жаңа бағдарламаның міндеттері

Нұр-Сұлтан. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында қолға алынған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстар жалғасуда.

Курсты Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ұйымдастырып отыр.

Тілдік курстар өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тіл орталықтарының директорлары, әдіскерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттарына арналған. Онлайын курстар 17 сәуірге дейін жалғасады.

Төртінші күнгі курста ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Тіл саясаты басқармасының басшысы Амангелді Қожабек және Латын графикасына көшуді сүйемелдеу басқармасының басшысы Гүлфариза Мұқанова

  • Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, оларды іске асыру тетіктері;
  • негізгі нысаналы индикаторлар мен олардың түсіндірмелері, индикаторлардың нәтижелі көрсеткіштерінің талдамасы;
  • орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бағдарлама міндеттерін орындаудағы үлестері;
  • латын графикасына көшу үдерісі, өңірлерде атқарылатын шаралар мазмұны;
  • алдыңғы мемлекеттік бағдарламамен сабақтастығы, қазақ тілін жетілдіру бойынша жаңа ұстанымдар, жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдану жолдары;
  • қазақ тілін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттар мен жаңа көзқарастар, оқыту орталықтарының әлеуетін арттыру жолдары;
  • қазақ терминдерін қалыптастыру мен ономастикалық атауларды жетілдіру бағыттары және Мемлекеттік бағдарламадағы өзге де мәселелер туралы тыңдаушылармен ой бөлісті.

Курстар барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұрақтардың жауабын алады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысты. Өңірлік тіл оқыту орталықтарының инфрқұрылымын, әлеуетін арттыру бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды. Онлайн курсқа 129 тыңдаушы қатысты.

Курс Facebook әлеметтік желісінің ONLINE-da bol парақшасында сағат 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізілді.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *