Қазақ – Америка университеті көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жасқа толу мерейтойының беташар шарасы – “Мәңгілік ел – шежіресі даламның” атты әдеби-музыкалық кешке шақырады!

Қазақ – Америка университеті жас ұрпаққа білім берумен қатар, есімі елімізге белгілі таланттарды қолдап келеді. Биылғы жастар жылы аясында да бірқатар шаралар атқарылмақ. Соның бастысы ретінде, Қазақ – Америка университеті Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласындағы Республика сарайында ақпанның 24 күні сағ.18.00 – де “Мәңгілік ел – шежіресі даламның” атты әдеби-музыкалық кешке шақырады!

Кеште көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлы жырдан шашу шашса, ал ақынның өлеңдерін жастар жатқа оқиды. Белгілі өнер шеберлері мен эстрада жұлдыздары Маралтай ақынның өлеңіне өрілген әндерді орындайды! Ән-жыр кешіне келем деушілерге есік ашық!

Бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық жолға арнап, қазақ әдебиетінің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан Маралтай Райымбекұлының әр жылдары жарық көрген «Ай», «Кентавр», «Тарпаң», «Қаратау ғазалдары», «Нұрлы жол – Мәңгілік Ел» секілді жыр кітаптары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген.

Әр салада жауапты қызметтерде болған Маралтай Райымбекұлы Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің Бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы ретінде журналистикада да айшықты ізін қалдырды. 2012 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қазір ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары.

        Қазақ – Америка университеті Маралтай Райымбекұлының биылғы 50 жасқа толу мерейтойының беташар шарасын Алматы қаласындағы Республика сарайында “Мәңгілік ел – шежіресі даламның” атты әдеби-музыкалық кешпен бастамақ. Жауhар поэзиядан сусындағысы келетін жыр сүйер қауымға есік ашық!

 

Өтетін жері:

Алматы қ., Республика сарайы,

ақпанның 24 күні, сағ.18.00

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *