«ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЙ ТАБЫСТЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ?»

27 қазанда Еуразия ұлттық университетінде “Қазақстанда қалай табысты болуға болады?!” деген тақырыпта мастер-класс өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар Журналистика және саясаттану факультетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасы оқытушылары. Бұл іс-шарада “Ханзада” дүкендер желісінің негізін қалаушы Аян Бекішев өз тәжірибесімен бөлісті.

Ол «Журналистика және Саясаттану» факультетінің деканы Қайрат Өмірбайұлына ақшалай сертификат табыс етті. Осылайша Эндаумент қорына 200 000 теңге көлемінде үлес қосты.

Эндаумент қорының басқарушы- директоры Мусабалина Динара Серікқызы алғыс ретінде  жас кәсіпкерге ЕНУ медалін сыйлады.

Бұл кездесу бизнес саласында жұмыс істейтін адамдар үшін ғана емес, кәсіпкер болғысы келетіндер үшін де пайдалы болды.

Іс-шара соңында “Ханзада”сыртқы киім дүкенінен қалпақ, қолғап және Тедди тонын ұтыс ойынын өткізіп,  Еуразия ұлттық университетінің фирмалық өнімдерін сыйға тартты.

Мастер-класс жылы атмосферасымен, белсенді қонақтармен және де Аян Бекішев кәсіпкеріміздің сұрақтарға қызықты жауаптарымен есте қалды.

Бахрамова Гулназа

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *