Тәуелсіздігімізді алып, өз алдына ел болып, шаңырақ көтергелі өзіміздің отандық өнімдерімізді де көптеп өндіре бастадық. Қазіргі күні біз «Қазақстанда жасалған!» деген белгі соғылған небір өнімдерімізді өзге елге мақтанышпен көрсете алатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіздігіміздің ең басты құндылығы да – осы.
Ұлттық тағамдарымыздың ішіндегі танымалы – құрт. Құрт көздің көру процесін жақсартады, жүректің айнуын басады, асқорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Құртты диеталық тағам ретінде де қолдануға болады. Құртты дайындаудың бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі: сүзбенi кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi де, қысады. Онан соң оларды тақтаға жайып, кептiредi. Кептiру барысында бiрнеше рет аударады. Мұндай құрт сүзбе құрт деп аталады.
Бүгінде әр шаңырақтың ақ дастарханынан тыйылмайтын тағам – бауырсақ. Бұл тағамды тек қазақ халқы емес шет елде де сүйіп жейді. Дайын фаст-фудтардың желісіндегі – пицца, суши, бургерлер қатарына қазақстандық кәсіпкерлер бауырсақты да енгізіп, қазіргі таңда ұлттық тағамдар нарығы қалыптасып келеді. Сол себепті де бауырсақ еліміздің брендіне айналғандай.
Бауырсақты дайындау барысында қажетті пайдалы кеңестер:
✓ Бауырсақты илегенде қолға күміс бұйымдар таққан жөн. Күмістің жағымды энергиясы бауырсақтың жұмсақ әрі дәмді болып пісуіне жақсы әсер етеді.
✓ Ашытқы қосып дайындалатын бауырсақтың қамырын жиі-жиі басып тұру қажет.
✓ Бауырсақ аса майлы болмауы қажет, сондықтан пісірген кезде майлыққа салып, майын сорықтыру керек.
Тәтті өнімдердердің ішінде көш бастап тұрған отандық өнім – «Қазақстан» шоколады. Шоколад Рахат кондитерлің фабрикасында өндіріледі. Компания өнімдері отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Бүгінгі күні «Рахат» фабрикасының өнімдері Ресейге, Германия, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстанға экспортталады.
Әрине жоғарыда тізбектелген өнімдер ұлттық тағамдарымыздың аз бөлігі ғана. Бұдан бөлек қаншама ұмытылып бара жатқан астарымызды да жаңғыртып, жиі-жиі жасап тұрсақ тіпті керемет болушы еді.
Сапар Гүлжазира
Журналистика мамандығы
2-курс студенті