“Ғылым және білім-2018” декадасы

                   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын xалықаралық “Ғылым және білім-2018” декадасы өтті. Ғылым декадасының аясында 12 сәуір күні Әлеуметтік ғылымдар секциясы бойынша конференцияға 130 жұмыс ұсынылды. Соның ішінде «Қоғамдық сананы модернизациялаудың қазіргі кезеңіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білім беру проблемалары» атты № 9.1 секциясы бойынша 40 жұмыс ұсынылды. Конференцияға профессор Қожахмет Халық Жақыпұлы қазылық етті.

             Елбасымыздың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” мақаласының аясында «Спорттық іс-шаралар аймақтың әлеуметтік-мәдени даму факторы ретінде», «Қазақстанның мәдени құндылықтары және болашаққа қадам» тақырыбын көтерген түрлі зерттеу жұмыстарын студенттер мен магистранттар ортаға салды. Конференция барысында спорттық іс-шаралардағы бетбұрыстар мен жаңашылдық, қоғамдағы мәдени құндылықтар сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияға экономика және тағам өнімдерін стандарттау коледжінің және университетіміздегі әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері қатысып, өзара ой бөлісіп, пікір алмасты. Зерттеу жұмыстарына баға берген комиссия шешімі бойынша қатысушылар жүлделі орындарды былайша бөлісті:

2-орын: Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті Байкенова Айнур
3-орын: Экономика және тағам өнімдерін стандарттау коледжінің 3 курс студенті Жақып Әкежан Халықұлы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *