«Ғылым декадасы – 2018»

Университетіміздің журналистика және саясаттану факультетінде «Ғылым декадасы – 2018» іс-шаралары аясында Баспасөз және баспа ісі кафедрасында «Модернизация 3.0 рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Факультетіміздің деканы, профессор Сақ Қайрат Өмірбайұлының алғысөзімен басталып, баяндамашыларға кезек берілді.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор  Алдабергенов Қырықбай Мазанұлы «Рухани жаңғырудағы тарихи мәселелер» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Негізгі мәселе ретінде ұлттық кодты сақтау, прагматизмдік, сондай-ақ патриоттық рух секілді маңызды дүниелерді атап өтті. Жаһандық жүйеге еніп,  ХХІ ғасырдың талаптарына сай  дағдыланудың қамына кірісу арқылы  зор табыстың кілтін табуға болатынын атап айтты. Елбасы мақаласындағы елеулі тұстарды ескерген профессорымыз өз ойын ортаға салды.

Келесі сәтте профессор, д.ф.н Ишанова Асима Калимовнаның “Адаптация системы образования: коммуникативный подход”  жайында баяндама оқыды. Журналистиканың бүгінгі халі мен оқуға тиісті кәсіби кітаптар жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, баспа саласының шын жанашыры, “баспа ісі” мамандығының студенттері ерекше қадірлейтін жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мәмесейіт Тұрлыбек, ағайымыз «Рухани жаңғыру және қазіргі өзекті мәселелері» тақырыбында жастарды тәрбиелейтін басты құрал кітап екендігін жасырмады. Қазіргі таңдағы кітаптардың кемшіл тұстарына тоқтала отырып, баспа саласын дамытуды ұсынды.

«Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің мәртебесі» хақында ф.ғ.к., доцент Жақып Мырзантай Қожабайұлы айтты. Бүгінгі мұғалімнің қадір-қасиеті мен қоғамдағы орнына тоқталды.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріп, сертификаттар тапсырды.

Жансұлу Жиенқұл

Журналистика және саясаттану факультетінің

2- курс студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *