ШАШ ҮЛГІСІН ТАҢДАУ

Сұлулықтың символы қашанда әйел азаматы болған. Әйел тек қылығы мен тәрбиесі ғана емес, сырт болмысымен де ерекшеленіп тұруы тиіс. Сол ерекшеліктің ең алғашқысы шаш үлгісі болып табылады.

Әрқашан шаштаразға барған сәтте, іштей қобалжуды сезініп жатамыз. Мен келіп отырған шаштаразшы ойымдағы шаш үлгісін жасап бере алады ма, әлде мен ойлағаннан да басқа үлгі шығады ма? Тосыннан түскен сұрақтардың жауабын таппай бас қатырып жатамыз. Алайда, біз ең қолайлы әрі тиімді тәсілді білмейміз.  Кез-келген қызға оның бет пішініне қарай таңдау тиімдірек бола түседі.

Ең алдымен сол пішіндерді талдап алайық. Олар төртеу:

  1. Төртбұрышты
  2. Сопақ
  3. Дөңгелек
  4. Үшбұрышты

Төртбұрышты бет пішініне арналған шаш үлгісі:

Бет пішіні төртбұрышты әйелдер қауымын жиі алаңдататын жағдай, маңдайының биік болуы мен иектің үлкендігі. Сапалы шаш қию үлгісі беттегі артық кескіндерді жауып, әйел азаматына нәзіктік сыйлайды. Каскад түріндегі үлгіні таңдап, оны әрдайым бұйралап жүру керек. Қалың кекілді жасатудан сақтанған жөн.

Сопақ бет пішініне арналған шаш үлгісі:

Қатқыл кескін мен биік маңдайдың үйлесім табуы сопақ бет пішініне әкеліп соқтырады. Бұл ең көп кездесетін бет әлпеттердің бірі. Шаштың үлгісі бетіңізді әдемі етіп көрсетіп тұруы үшін каре немесе қысқа карены таңдаған ұтымды.

Дөңгелек бет пішініне арналған шаш үлгісі:

Бұл пішін өзіндік ерекшелігімен тұспалданады. Томпақ бет, нәзік кескін мен кең иек бір-бірін ерекше толықтырып тұруда. Осы жағдайда көптеген әйел қауымы қателісіп, басқа үлгіні таңдап жатады. Әрбір үлгіні дұрыс таңдамау ыңғайсыздық пен сенімсіздікке әкеліп соқтырады. Иық деңгейіндегі ұзындық пен ортаща ұзындықты таңдауға болады. Ассиметриялық шаш үлгісі бет пішінді өзгеше түрлендіріп әсемдік сыйлайды.

Үшбұрышты бет пішініне арналған шаш үлгісі:

Әр үлгінің өзіндік бір ерекшілігі бар. Бұл үлгі ежелгі замандардағы королева мен патшайымдардың бейнесін көрсетеді. Ең жиі кездесетін, көп қайталана бермейтін жаңашылдық. Егер сіздің бет әлпетіңіз осындай пішінді болса, демек сіз ең бақытты жансыз! Өйткені бұл үлгіге кез-келген шаш үлгісі үйлесім таба береді.

ЛАУРА АЛТЫНБЕК

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *