Шаш күтімі

«Сұлулықтың символы – әйел» немесе «сұлулық әлемді құтқарады» – деп жатамыз. Сол қаншалықты рас екенін неше рет зерттеп, анықтап қарағанымызбен сол фактіге қайта оралып жатамыз. Әйелдің бойындағы сұлулық барлық жағынан алып қарағанда өз үйлесімін тауып тұруы тиіс. Шаш күтімінен бастап сыртқы келбетке дейін.

Ең алдымен адамды ерекше нұрландырып тұратын ол шаш үлгісі. Ерте кезден-ақ жаулықты әжелеріміз, аяулы аналарымыз шашқа ерекше күтім жасаған. Сол кездері ешқандай салондарға жүгінбей, өздері табиғи өнімді қолданған. Шашты қысқартып қию немесе оны түрлі түске бояп тастау жат дүние болып көрінген.

Ал қазіргі таңда біздер қаншалықты сол күтімді орнықты ұстанудамыз? Бірі білсе, бірі біле бермейтін дүниелер қаншама. Кейде ойланбай әрекет жасап, шашымыздың құрылысын өзгертіп жатамыз. Соны толығырақ білу үшін өз саласының маманымен тілдесуді жөн көрдік.

-Қайырлы күн, Ольга ханым! Маман ретінде шаш күтімі жайлы не айта аласыз?

-Осы салада жүргеніме 12 жылдан астам уақыт өтіпті. Сол уақыт аралығында түрлі қызықты жағдайлармен кездесіп қалып жаттым. Қанша жерден өз салаңның білікті маманы болсаң да түрлі жағдайлармен тоғысып жатасың. Қазіргі таңда сұлу қыздарымыздың шаштарына қалай болса солай қарайтыны іштей қынжылтады. Қолаң шашты қыздар қаншама алдыма келетін. Алайда, біреуінен де ерекше шаш күтімін көрмей жатамын. Шашқа арнайы күтім жасау үшін қомақты сомма шығарып сұлулық салондарына келу міндетті емес. Үй жағдайында да түрлі әдістерді қолдануға болады. Сүт өнімдерін күнделікті пайдалануға болады. Аптасына 2-3 реттен 15-20 мин уақытыңызды бөлсеңіз болғаны.

-Барлығымыз білетін түрлі қоспалардан жасалған майлар бар? Солар жайлы айта өтсеңіз

-Жалпы алатын болсақ, ол барлығына дерлік бірдей көмектесе бермейді. Шаштың ұзындығына пайдаланып жатады. Алайда, оны падаланбаған дұрыс. Өйткені шаштың түптеріне зақым келеді. Оны бір рецепт ретінде өзге қоспалармен қосып қана жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

-Шашқа арналған бояулар қаншалықты зиян?

-Барлығы дерлік зиян деп айтуға келмейді. Егер арнайы ешқандай қоспасы жоқ, табиғи бояуды қолданса ол шашты сол қалпында сақтап қалады. Сөрелерде тұратын арзан бояғыштар шаштың кебуі, жиі түсуіне әкеліп соқтырады. Кей жағдайда шаштың тез түсуі орын алатын кездерде болады. Сондықтан айтарым ондай бояғыштарды қолданбаған абзал. Арнайы маманға барып бұл жөнінде кеңес алуды құптаймын. Өйткені құрамында түрлі химикаттар денсаулығымызға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Шашыңыздың реңін келтіріп тұрғыңыз келсе хна немесе басма бояуын қолдануыңызға болады. Ол түрлі табиғи шөптердің қосындысынан жасалған емдік қоспа десемде болады. Тағы да есте сақтайтын жайт, әрбір бояудан кейін шашыңызды міндетті түрде сусабыннан кейін бальзам жағып 10-15 минут ұстаңыз.

Лаура Алтынбек

Журналист 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *