Қызық.. Біз бұны байқамауымыз да мүмкін немесе мән бермейміз. Алайда, түстер біздің өмірімізде маңызды орын алады. Тіпті, түстердің өмірімізге әсері өте мол.
Сондай-ақ шашымыздың түсі де қалыс қалмайды. Шашының түсін өзгерткісі келетін жандар өмірінде бір өзгеріс болғанын қалайды екен. Сәйкесінше, өзгеруді басымыздан бастаймыз. Расында, сол өзгерткен түс өмірімізді де күрт өзгертіп жіберуі ғажап емес.
Шашын қара түске бояғысы келетін нәзік жандылардың өміріне “бақылау” керек. Себебі, олар өзгелердің ықпалынан шаршаған жандар. Олар шешім қабылдаған кезде барынша еркіндікті қалайды. Қысқасы, іскер әрі тәуелсіз әйел болып көрінгіңіз келсе, шашыңызды ойланбастан қара түске бояңыз.
Керісінше, ашық реңкті таңдаса, демек, маңызды шешім қабылдаудан жалыққан. Олар өздерін әлсіз көрсетіп, ер-азаматтардың күшін сезінгісі келеді. Осы аққұбалардың жеңіл ойлы екендері рас па екен? Әрине, жоқ. Шын мәнісінде олар өте салмақты және олардың интуициясы өте жақсы дамыған. Өзгені тыңдай біледі, сәйкесінше, аққұбалардан тәуір псиxолог шығады.
Каштан түсі сабырлық пен үйлесімділікті білдіреді. Осы түсті таңдайтын арулардың жаны нәзік, жұмбақ жандар.
Қызыл түс – тәуелсіздіктің белгісі. Туа бітті шашы қызыл түсті арулар – күйзеліске көп түсе бермейді. Бұл олардың белсенді әрі отты мінезінің дәлелі. Олардың өмірі де қызық оқиғаларға толы. Ал, шашын қызыл түске бояғысы келетін жандар, өмірлерінде тосын жағдайлардың орын алғанын қалайды.