Цифрлы трансформация бойынша аймақ елдері қажеттіліктерін анықтайтын алғашқы зерттеу таныстырылды

14-15 сәуірде цифрландыру бойынша аймақтық конференция өтуде. Оған Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстаннан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 70-тен астам өкілі қатысуда.

Конференцияны Астана мемлекеттік қызмет  хабы (Хаб)  Корея Республикасының  Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық агенттігімен (NIA), «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастыруда.

Аймақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары басшылары Корея Республикасы жетекші сарапшыларымен бірлесіп, Орталық Азия жеті мемлекетінің және Кавказдың  қажеттіліктерін бағалау бойынша зерттеу нәтижелерін талқылауда.  Зерттеу – аймақ елдерінің цифрлы трансформацияны жүзеге асырудағы қажеттіліктерін тереңірек қарастыратын алғашқы еңбек.

Зерттеу 2021 жылдан бері осы елдер арасында жүргізілген сауалнама мен сұхбат мәліметтеріне негізделген. Бұл жұмыс Хаб, БҰҰДБ және Корея Республикасы Үкіметінің (MOIS және NIA) аймақ елдері үкіметтерінің цифрландыру саласындағы әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жобасы аясында жасалды.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов конференцияны аша отырып, «жаңа технологиялар адамға бағытталған мемлекеттік басқаруды дамытудың жақсы құралы бола алатынын» атап өтті. Ол сондай-ақ бүгін талқыланып жатқан зерттеудің жоба аясында жасалатын әрі қарайғы жұмыстың қатысушы елдердің қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асатындығын діттейтіндігін айтты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаев өз сөзінде қазіргі уақытта ақпараттық шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай конференцияларға қатысу мемлекеттердің цифрландыру бойынша өңірлік ынтымақтастығын дамытуға және күш-жігерді жұмылдыруға, одан әрі тиімдірек және заманауи тәсілдерді әзірлеуге ықпал ететінін атап өтті.

Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) цифрлық  ресурстар саясаты бөлімінің директоры Мин Сун Джеонг: “Осы бағдарлама аясында Корея цифрлы үкімет құру бойынша өз тәжірибесімен белсенді түрде бөліседі және қатысушы елдермен ынтымақтастық аясын кеңейту жолдарын іздестіреді” – деді.  «Біз бүгін осында жиналған жеті қатысушы ел делегацияларының белсенді рөлі пен іске үнемі араласуын өтінеміз, бұл әлеуетті күшейту бағдарламасының озық нәтижелеріне кепілдік берер еді”, – деп атап өтті Мин Сун Джеонг.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш: “Цифрлық технологияларға көшу бүгінде басқаша жұмыс істеуге және ойлауға мүмкіндік береді, бұл ретте біз тіпті білмеген мүмкіндіктерді ашады. Қазақстандағы БҰҰДБ азаматтар мен бизнестің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге цифрлық форматта қол жеткізуін жақсарту мақсатында Қазақстан үкіметімен және басқа да ұлттық әріптестермен бірлесіп жұмыс атқаруда, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалар арқылы басқа салаларда цифрлық шешімдерді енгізуге қолдау көрсетуде”, – деді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Абдрасилов: «Бүгінгі таңда цифрландыру – әрбір азаматтың өміріндегі басты элемент» деп атап өтті. Сондай-ақ ол бұл шараны өткізу тәжірибе алмасуға және елдеріміздегі цифрлық трансформацияны дамытудағы жаһандық трендтер мен инновациялық шешімдерді зерделеуге жақсы мүмкіндік болатынын атап өтті.

Конференцияның құрметті қонағы, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер Департаментінің (UN DESA) Цифрлық үкімет Басқармасының Жетекшісі Винченцо Акуаро алдағы уақытта БҰҰ-ның электронды үкімет туралы зерттеуі бойынша цифрландыру саласындағы жаһандық және аймақтық үрдістердің негізгі бағыттары туралы айтты.

Конференцияның екінші күні «Зерде» холдингінде өтетін болады, қатысушылар назарына мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын дамыту, ақпараттық технологияларды дамыту, инновациялар, үлкен деректерді басқару бойынша халықаралық және ұлттық жобалар ұсынылады.

Конференция – БҰҰДБ, Хаб, MOIS және NIA бірлескен аймақтық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар сериясының бірі. Жоба Орталық Азияның жеті елінде (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) және Кавказ (Әзербайжан, Армения, Грузия) мемлекеттік басқару жүйесіндегі инновацияларды енгізуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландыруға қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен практиктердің әлеуетін арттыруға бағытталған. Жоба үш жылға есептелген (2021-2023 жж.) және оның аясында зерттеулер, семинарлар мен конференциялар өткізу жоспаралануда, сонымен қатар Корея Республикасына оқу сапарлары өтеді.

2013 жылы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ бастамасымен құрылған Астана мемлекеттік қызмет хабы бүгінгі таңда 42 қатысушы ел мен 80 институционалдық әріптесті қамтиды. Хаб – қатысушы елдердің қажеттіліктеріне жауап беретін икемді күн тәртібі бар мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе мен білім алмасу жөніндегі институционалдық платформа.

Толығырақ ақпаратты Астана мемлекеттік қызмет хабының сайтында танысуға болады: https://www.astanacivilservicehub.org/

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *