Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында елдің алдағы дамуына байланысты нақты бағыт-бағдарларды айқындап бергендігіне онымен таныса отырып, көзіміз жетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздің -әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуі бойынша стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуы, республикамыздың басшылығы мен қатар, барша қоғам мүшелері мен отандастарымыздың да “Біз отанымыздың көркеюі үшін не істей аламыз?” деген ықыластағы мақсаткерлік іс-әрекетке қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық өмірінің түгел саласын жаңарту жолында белсенді де саналы қатысуын талап етіп отырғаны анық.
Бұл ретте мемлекетті саяси-экономикалық тұрғыда жедел жаңарту жолындағы бірқатар мемлекеттердің тәжірибесі халықтың басым бөлігі жаңарту саясатын саналы түрде қолдаған уақытта бұл мақсат, қандай қиындықтар кезікпесін оның мүмкін болатындығын көрсетіп отыр. Осы орайда, бұл міндеттің оң шешілуіне Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына қосылу стратегиясының жүзеге асырылуы өзіндік септігін тигізбек.
Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының біздіңше, басты ерекшелігі – мемлекет басшысы анықтап берген әлеуметтік саясаттың басымдығы дер едік. Айталық, сайлауалды бағдарламасында аталған проблеманың елдегі жалпы жағдайына және шешу жолдарын анықтап, дұрыс баға беру мақсатында нақты жағдайға талдау жасалған. Бұл бағытта жұмысты ұйымдастырудың маңызды бір ерекшелігі – ол аталған мәселе бойынша сан-алуан көзқарастарды сараптап, шынайы өмірде нақты жүзеге асуы болып отыр.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тұрғыда басым бағыт беріліп отырған аталған саясат шеңберінде бағдарламаның жүзеге асырылуы басталды. Мемлекет басшысы бүгінде еліміз үшін маңызды мәселе әлеуметтік-экономикалық бағдарламаның нақты жүзеге асыру механизмдерін іске қосу жайларын атап көрсеткен. Оны жүзеге асыруда әрбір қоғамдық институттардың атқарар істері ауқымды болмақ деп білеміз.
Ел Президенті қоғамдық дамудың барша аспектілерін ескере отырып, экономикалық реформалар жүзеге асуы үшін бір тудың астына бірігуді алға қояды. Мақсат – экономикалық реформалар жүзеге асып, әрбір адамның, отан үшін тынбай еңбек етіп, елдің жаңаруы мен дами түсуіне үлес қосқан азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсарту.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын топшылай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Біздің ұлттық идея өзегі елдегі барша қазақстандықтар мен қатар шет елдердегі қазақтардың өзара татулықта, ең бастысы – ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани кеңістікте өмір сүру, бұл түптеп келгенде Қазақстан Республикасы мемлекетінің, барша азаматтарының өсіп-өркендеуі мен гүлденуі болып табылады. Яғни, тұрақтылық пен бірлік – дамудың басты бағдары.
Болатбек Көрпебайұлы,
философия ғылымдарының кандидаты