Түгендеу нәтижесінде артық алаңдар негізінен басшылардың қызмет бөлмелерінде анықталған

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері орналасқан артық алаңдарды оңтайландыру бойынша облыстың мемлекеттік органдары орналасқан алаңдарға түгендеу жүргізілген болатын. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасының бас маманы Нұргүл Мұқатай мәлімдеді.

Нұргүл Мұқатай

Түгендеу жұмыстары ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Халыққа Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша, ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мемлекеттік органдардың алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтамауларын анықтау бойынша жұмыстарды бірлесіп жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы негізінде Агенттіктің аумақтық департаменті облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, облыс әкімдігінің қаржы басқармасының мамандарымен бірлесіп жүргізілді.

Айта кету керек, жуырда өткен Агенттіктің алқа мәжілісінің кеңейтілен отырысында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев артық алаңдарды оңтайландыру бойынша Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысында жұмыстардың жақсы жүргізілгендігін айтып, оң бағасын берген болатын.

Түгендеу барысында 232  мемлекеттік мекеме қамтылды, олардың ішінде 60  орталық мемлекеттік органдар (ОМО), 172 – жергілікті атқару органдары (ЖАО) бар.  Жұмыс тобы   мемлекеттік органдардың алаңдармен қамтамасыз етудің нормаларын сақтамауы бойынша 7142,485 шаршы метрді (ОМО аумақтағы бөлімшелері – 4157,485, ЖАО – 2985,0) анықтады.  Басшылардың қызметтік бөлмелері бойынша артық алаңдары –  4130,9 ш.м. (ОМО аумақтағы бөлімшелері – 1008,9, ЖАО – 3122,0).

2685,53 ш.м артық алаң түрлі себептерге байланысты оңтайландыруға жатпайды. Оның себептері: артық алаңның көлемінің тым аз болуы, ғимараттың ішкі құрылысының ерекшеліктері.  Сондықтан оларды ықшамдау  туралы ұсыныс беру мүмкін болмай отыр. Сонымен бірге, артық алаңы бар кейбір баланс иелері ішінде ерекше режимдегі (рұқсатнамалық режим) құқық қорғау органдары да бар.

Қатардағы әкімшілік қызметкерлерді нормаға сәйкес орналастыру мақсатында анықталған артық алаңдарды басқа құрылымдық бөлімшелерге беру, жалға беру арқылы  артық орналасып отырған 379,25 ш.м  көлеміндегі алаңды мақсатты жұмсап, кемшілікті жоюға болады (ОМО аумақтағы бөлімшелері– 51, ЖАО – 328,25).

ОМО аумақтағы бөлімшелері бойынша жүргізілген  түгендеу барысында босатылған алаңдар бойынша облыстың коммуналдық меншігіне беру туралы ұсыныстар келтірілді. Аталған шара нәтижесінде жыл сайын 1 049 000 тенге үнемдеу бюджет қорына түседі деп күтілуде.

Түгендеудің нәтижесі бойынша өңірде анықталған артық алаңдардың        3303, 465 шаршы метрі оңтайландыруға (қысқартуға) жатады. ОМО (орталық мемлекеттік органдар) бойынша – 3003, 675 ш.м., ЖАО (жергілікті атқару органдары) – 299,79 ш.м., бұл алаңдарды ғимаратты жалға алу арқылы пайдаланып отырған басқа мемлекеттік органға беруге, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаларға жалға беруге болады.

Жүргізілген түгендеу жұмыстарының барысында артық алаңдар негізінен басшылардың қызмет бөлмелерінде (1008,9 ш.м.) және өзге де пайдаланатын алаңдарда (1909,5 ш.м.) екені (мәжіліс залдары, архив, қойма бөлмелері, т.б.) анықталды.

Оңтайландыру жұмыстарының нәтижесінде анықталған, әкімшілік қызметшілерге арналған артық алаңдарды жалға беру және (немесе) басқа мемлекеттік органдарға беру арқылы мемлекеттік бюджеттен (ОМО аумақтағы бөлімшелері– 2 360 000, ЖАО – 798000) 3 158 000 теңге (үш миллион бір жүз елу сегіз мың теңге) экономикалық тиімділікке қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Жергілікті атқару органдарының ұсынған ақпаратына сәйкес, түгендеу нәтижесінде анықталған 299,7 ш.м. артық алаңдарға басқа мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыруға немесе мүліктік жалға беру мәселесі қарастыруда.

Осымен бір мезгілде коммуналдық меншіктегі мүлікті тиімді пайдалану мақсатында жыл сайын жергілікті бюджетке 18 966,1 мың теңге түсуде (19 миллионға жуық), жалпы ауданы 3845,11 ш.м., 65 жалдау шарты бойынша жеке тұлғаларға мемлекеттік органдардың бос алаңдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Оның ішінде:

– облыстық коммуналдық меншігі бойынша 8 575,6 мың теңге, жалпы

ауданы 1 102,2 ш. м., 22 жалға беру шарты;

-Ақтау қаласының коммуналдық меншігі бойынша 581 мың теңге,

жалпы ауданы 20,75 ш. м., 2 жалдау шарты;

-Жаңаөзен қаласының коммуналдық меншігі бойынша 7 434,8 мың

теңге, жалпы ауданы 591,16 ш. м., 8 жалдау шарты;

-Маңғыстау аудандық коммуналдық меншігі бойынша 2 374,4 мың

теңге, жалпы ауданы 2131 ш. м., 33 жалға беру шарты.

Жұмыстар бұдан әрі жалғасуда.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *