Көптеген психологиялық зерттеулер есте сақтау мен ұмыту процесін зерттеуге арналған. Осы зерттеулердің нәтижелері бізге сұраққа жауап беруге мүмкіндік берді. Қазақ сөздерін қалай тиімді есте сақтау керек? Есте сақтаудың тиімді әдістері бұрыннан бар. Олардың бірі – карта әдісі.
Карточка әдісін қолдана отырып, жаңа сөздерді есте сақтау әдеттегі сөздерді жаттағанға қарағанда әлдеқайда жақсы. Бірақ максималды тиімділікке қол жеткізу үшін жаңа сөздерді, дайын сөз орамдарын есте сақтау үшін мнемотехниканы, ал тұрақты қайталау арқылы ұзақ мерзімді есте сақтау үшін карточка әдісін қолданған дұрыс.
Мнемоника және карточка әдісі сізге сөздік қорын тез және оңай құруға мүмкіндік береді. Тіл үйренушілер бейімделген қазақ тіліндегі мәтіндерді, сұқбаттарды оқи алады.
Қазіргі қазақ тілін үйренуге байланысты көрнекі құралдарды қолданудың әдістемесі пайдаланылып келеді. Солардың бірі заманауи кеспе карточкалар заман көрнегіне айналып келеді. Бұл қазіргі бағдарлама талаптарын орындаумен қатар, тыңдаушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе, суретпен берілген карточкалар Лексика, Сөз құрамын оқытумен орай пайдалану тиімді деп айтуға болады. Суретпен берілген карточкалар сөздің мағынасын түсіндіруге ыңғайлы. Осыған орай Қарағанды тілдерді оқыту орталығының әдіскерлерімен бірлесе отырып «Тіл үйретудегі заманауи кеспе карточкалар» құрастырдық. Бұл карточканың басқа карточкалардан ерекшелігі әр берілген лексикалық минимумға карточканың екінші бетіне тапсырмалар қамтылған. Және сол тапсырмаларды тыңдаушы QR код арқылы өзін тексере алады.
Кеспе карточкада әртүрлі тақырыптарға арналған жағдаяттық диологтар бар. Сол жағдаяттық диологтарға арналған тапсырмалар берілген.
Жалпы мұндай карточкалар сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, тіл үйренушінің қызығушылығын арттырады, жаңа сөздерді тез жылдам есіне сақтайды және тыңдаушының танымы кеңейеді.
Рахметаева Мадина Қанашқызы
Қарағанды облысының тілдерді оқыту
орталығы оқытушысы