Тілдің әдеби нормасы өзгере ме?

Бүгін Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отырған «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» онлайн курсының кезекті дәрсі тілдің әдеби нормасын сақтау тақырыбына арналды. Дәріс жүргізушісі «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Н.Рсалиева аудиториямен мағызды ақпараттармен бөлісті. Онлайн курста баян еткен ғалымның негізгі тұжырымдарын сайтымызда толық бөлісуді жөн санадық.

Өз ұлтының болашағын ойлаған ел бар күшін тілін сақтауға жұмсайды. Себебі қатар өмір сүріп отырған тілдердің бір-біріне міндетті түрде әсері болады. Әсіресе кіші тілдерге үлкен тілдердің әсері қандай болатыны, көптеген кіші тілдердің тағдыры немен аяқталып жатқаны қазір тіл білімі саласында жүрген мамандар үшін жаңалық емес. Қазір жаһанда жүріп жатқан екі үдерістің бірі жаһандану болса, сол жаһандану өзіне кері процесті де алып келді, оның аты – протекционизм. Өзін қорғау деген мағынаны білдіреді. Экономика саласының термині ретінде белсенді қолданысқа шықты. Тиісінше тіл білімі саласында да лингвистикалық протекционизм (linguistic protectionism) ұғымы жолға қойылды.

Біздің елімізде де «Рухани жаңғыру» идеясы бекер көтерілген жоқ. Бұл бізге тек ұрандау үшін қажет болып отырған жоқ. Егер мән бере қарасақ, бұл осы айтылып отырған лингвистикалық протекционизмнің біздегі баламасы. Бұл идеяны шынайы мағынасында пайдаға асыру үшін атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі – жазу реформасы. Біз оны реформа деп айтудан қорықпауымыз керек. Себебі бұл да кәдімгі жаһандық деңгейде қолға алынып жатқан, өз-өзіңді сыртқы күштердің толқынынан қорғау амалдарынан туған шара.

Жазба тілінің де, сөйлеу тілінің де өзіндік нормалары – орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың қалыптасатыны белгілі. Тілдің грамматикасы мен лексикалық қоры әдеби нормаға бағынады.

Сонымен, «Рухани жаңғыру» идеясы аясында қазақ тілінің әдеби нормасына төмендегіше өзгерістер енеді деп ойлаймын.

Біріншіден, жазу реформасы аясында, «қазақ әліпбиінің құрамынан алынып тасталған орыс әліпбиінен енген таңбалардың орны қандай  өзгерістермен жабылады? Осыған қатысты орфографияда аз-кем өзгерістер болатыны анық.

Орыс және ағылшын тілдерінің әсерінен және бірқатар төмендегіше түзетулер орын алуға тиіс.

Екіншіден, қоғамдағы қолданыста жүрген көзге көрініп тұрған нормадан ауытқуларға жол бермеу, қазір тосқауыл қоймасақ, сіңісіп кетеді.

Мен ойлаймын

Аспазшы мамандығына оқып жүр

Шындықпен жанаспайды

15 үміткерлеріміз

Осы сәтпен пайдаланып …

Спокойно телефонмен қолданып жүре береміз

Үшіншіден, нормадан ауытқып, бұрмаланған нұсқасында сіңісіп кеткен сөздер мен сөз тіркестерін (қиын да болса) қалпына келтіруіміз керек болады.

Мейрамыңмен! (дұрысы Мейрамың құтты болсын!)

Мейрам(дар)ыңызбен!

Туған күніңмен!

Жаңа жылыңмен!

Көріскенше!

Кездескенше!

Сау-саламатта болыңыздар!

Үлкен рақмет!  (дұрысы көп рақмет)

Маған (оған, ол кісіге) хабарлас (дұрысы менімен , ол кісімен хабарлас)

Мұндай қателерді болдырмау үшін сұрақ қою арқылы тексеруге болады.

Төртіншіден, бүгінгі күнге дейін норма болып келген, оның нормаға сай кеніне тіпті күмәнданбаған кейбір сөздерімізді қайта қарауға тура келеді. Мысалы, италияндық па, италиялық па? Американдық па, америкалық па? Африкандық па, африкалық па? Азиаттар ма, азиялықтар ма?

Сөздерге морфологиялық талдау жасау арқылы оп-оңай сөздердің екінші сыңарларының дұрыс екенін, бірінші, қазіргі қоланыста жүрген нұсқаларының қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына кері келетінін, бұл тұрпаттарына өзге тілдердің әсерінен ие болып тұрғанын көреміз.

Жалпы есепте көрсетілген топтамалардың барлығын да тілдің табиғи әдеби нормасына қайту үдерісі деп бағалауымыз керек.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *