Таңжарық романының тұсауы кесілді

Мамырдың жиырма екінші жұлдызында «Күлтегін» онкүндігі аясында  жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Тұрлыбек Мәмесейіттің «Таңжарық» роман-дилогиясының тұсаукесері өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-і бас ғимаратының ғылыми кеңес залында бір топ зиялы қауым өкілдері,  баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессор-оқытушылары, басқа да қонақтар мен студенттер жиналды. ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай кешті бастан аяқ жүргізіп, қонақтарға сөз беріп, роман авторының өмір жолына тоқталды.

ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов пен экс-сенатор, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов  «Таңжарық» роман-дилогиясының тұсауын кесті. Кеш барысында журналистика зерттеу институтының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы  Намазалы Омашұлы, професоор Тұран Сыдықов, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай, Омар Жәлел, Қуаныш Жиенбай, Сүлеймен Мәмет  сынды қаламгерлер  тұсауы кесілген шығармадан  үзінділер келтіріп, өз пікірлерін баяндады. Сонымен қатар филология факультетінің студенттері шығармадан үзінді оқып, ал Кенжеғали Мыржықбай  әннен шашу шашты. Университет ректорының атынан  құттықтау сөз айтып, жазушыға шығармашылық табыс тілеген университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі  Диқан Қамзабекұлы роман авторын «Күлтегін» медалімен марапаттады. Шара соңында Тұрлыбек Мәмесейіт келген қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп сөз сөйледі. Осылайша «Күлтегін» декадасы аясында тағы бір тағылым мол университет қабырғасында болып өтті.

Мұрат Арайлым

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *