Тар заманда тар мода

 




Қазіргі таңда əйел адамдарға да ерлердің киімдерін кию сәнге айналған. Айталық,  кезінде ажелеріміз шалбар, толстовканың не екенін білмей, əйел адамдардың стильін ұзын көйлекпен, орамалмен елестеткен. Бертін келе, құлдық санадан айырыламыз деп жүріп, ол киімдерден де қалай айырылғанымызды сезбей қалдық. Бұл үдерісте, əлбетте, эволюция бойынша жүзеге асты. Алдымен, ақырындап көйлекті қысқарта бастадық. Кейін оның ыңғайсыздық тудыратынын біліп, кең балақты, соншалық денеге жабыспайтын шалбарлармен ауыстырдық. Ал, тоқсаныншы жылдары балағы кеңдеу, үсті тарлау келетін галифе шалбарларды модаға айналдырдық . Ал қазір балағы да,  басқасы да жабысқан дүниелерге құмартамыз.  Оның үстіне əкеліп қысқа жеңді, қыпша белді қылтита көрсететін жейделерді киеміз. Осылай тарылған заманда киімімізде тарылып, өмір сүріп жатырмыз.

Ал аяқ киімдерге келер болсақ, кезіндегі шоқайма, киіз етіктердің модадан кеткеніне де біраз болыпты. Есесіне аяқ киімдердің түр-түрі дүкендерде самсап , мен мұндалап тұр. Балетки, кроссовки, кеды дейсіз бе?! Ақшаңыз болса таңдағаныңызды алыңызда жарасқанын киіңіз. Таңдау көп.Тек бұл таңдауға келгенде тырысқанын алмаңыз. Ол кезде дүниенің кеңдігін сезінудің өзі қиындық тудыруы мүмкін.




Асемкуль Калилаева

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *