Табиғат бұл барша адамзаттың, жан-жануардың, ағзалардың ең басты тылсым дүние тіршілік көзі. Біздің қоршаған ортамыз табиғатымыз өте бай болып келеді. Бұл байлықтар ата- бабаларымыздан мұра болып келген күнделікті өмірдегі күн, күннің жылы сәулелері, көк тәңіріміз аспан, ауа, ай мен жұлдыз, төрт мезгіл, өзен иен көл, орман мен шөл, жан-жануар және тағы да басқалары. Табиғат адамзаттың және жан-жануардың өмірінде аса маңызды рөл атқаратыны тайға таңба басқандаймен тең. Себебі бұл біздің өмір сүретін қоныс-мекеніміз. Табиғат сау болса, адамзат та сау болады. Сондықтан да табиғатты аялау біздің мына өмірдегі ең басты міндетіміз. Егер табиғат зардап шегіп ластанса, әрине оның зардабы бізге де тиеді. Міне сондықтан да, қоршаған ортамызды анамыздай аялайық. Өйткені өзіміз өмір сүріп жатқан қоршан ортамыз таза болса, ол бізге де жақсы. Табиғатты қорғау отанды қорғаумен тең. Туған өлке отанымыз біз үшін өте ыстық мекен болып табылса, қоршаған ортамыз табиғатымыз да сондай мекен болып табалады. Отан да табиғат та біз үшін аса киелі мекендер екені мәлім. Біз отанды да табиғатты да бірдей бағалап, анамыздай аялап сыйлап қорғауымыз керек. Егер тіршілік көзі яғни табиғат болмаса, отан да адамзат та болмас еді.
Қазіргі таңда барша әлемде сонын ішінде елімізде көптеген экологиялық мәселелер туындауда. Яғни қоршаған ортамыз зақымдануда. Ғаламдағы экологиялық мәселелерге тоқталып кетсем, оларға:
- Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы;
- Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылуы;
- Қышқыл жаңбырлар;
- Әлемдік мұхит проблемалары;
- Аймақтық экологиялық проблемалар;
- Ормандардың азаюы;
- Шөлейттену;
- Өнеркәсіптік қалдықтар;
- Қала экологиясы;
Сонын ішінде еліміздегі ең басты экологиялық мәселелерге:
- Арал, Балқаш және Каспий маңы аймағының проблемалары;
- Семей ядролық және әскери полигондарының зардаптары;
- Елді мекендердегі ауаның, жер қыртысы мен судың жоғары дәрежеде ластануы;
- Жердің азуы және ландшафтардың азаюы (еліміздің территориясының 60% шөлейт далаға айналған);
- Мұнай мен газ өндіру кезінде ілеспе газды жағу. Бұл атмосфераға күлдің шығарылуымен бірге іске асады;
- Су ресурстарының тапшылығы (Қазақстан сумен қамтамасыз етуден ТМД елдері арасында соңғы орынды алады);
Мына экогиялық мәселелер шынымен де біздің қоршаған мекенімізге мол зардабын тигізіп оның лас болуына әкеліп отыр. Бірақ та біз кішкене болса да бұл мәселелері шеше аламыз. Мысалы автокөліктердің газдарын тазартып аздап пайдалану, зауыт түтіндерін экологиялық түрлерге ауыстырысақ атмосфераны тазартамыз, суару үшін өзен көлдердің шығынын азайту су ресурстарын жақсартады, Семей ядролық полигонының кең аумағын қалпына келтірсек еліміздің жер ресурстары жақсарады және де тб.
Менің сіздерге яғни өскелең ұрпаққа қазіргі экологиялық мәселелерді түсіндіру мен осы мәселелердің алдын алып оларды шешу мысалдарымен таныстыру менің ең негізгі мақсатым болып табылады. Отан мен табиғатты қорғап, аялаудың маңыздылығын дәріптеп пайымдау да жатады. Туған өлкеміздің табиғатын ұқыпты ұстау біздің мақсатымыз. Жерді, отанды, қоршаған ортаны біз қорғамасақ кім қорғайды? Біз бар күшімізбен табиғатты жақсартып оған қамқорлық көрсетіп мейірімділікпен қарап сақтап қалуымыз керек. Өйткені халық табиғатты ойлау – бұл болашақты ойлау деп бекер айтпаған. Тоқсан ауыз сөздің табықтай түйіні, сонау ата –бабаларымыз табиғатты көздің қарашығындай қорғап, мына бізге жетізген тылсым дүниені одан әрі жақсартып, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің парызымыз.
Айдана Сәрсенбайқызы