Сән-2018: Трендтегі сырғалар

                    Сырға – кез-келген қыздың ажарын ашып, тартымды етіп көрсететін әшекей түрі. Тіпті, әрбір қыздың гардеробының ажырамас бөлігі десек те болады.

Ұзын жіпті сырғалар
Осы жылдың трендіндегі сырғалардың бірі – ұзын сырғалар.  көйлекке ерекше реңк сыйлайтын бұл сырғаны, мерекелік кештерде, жиындарда қосымша ретінде тағуға болады. Мұндай сырғалардың түрлері өте көп. Ұзындығын да, сырғаның қалыңдығын да өзіңізге ыңғайлы етіп таңдасаңыз болады. Тағуға ыңғайлы болу үшін, сырғаның жеңіл материалдан жасалған түрін таңдаған жөн.

Інжу тасты сырғалар

Кез-келген киім үлгісіне әдемі үйлесе кететін  інжу тасы бар сырғалардың кез-келген пішіндегі түрлері биылғы жылдың трендінде болмақ.

Пусеттер

Мұндай сырғалар іскерлік киіммен де,  кешкі көйлекпен де жақсы үйлеседі. Кез-келген киім үлгісін ерекше етіп толықтырып тұратындықтан,  сәнқой бойжеткендер үшін пусеттер ең ыңғайлы шешім

Индира Жұмагелді

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *