Қай заманда болмасын, сәнді аяқ-киім имидждің ең маңызды бөлігі. Алайда, күнтізбедегі жылдар ауысқан сайын, сән туралы көзқарастар өзгерген сайын, «тренд» аяқ-киімдер де өте қызық үйлесім тауып жүр. Кей үлгілер тіпті адам шошырлық… Әлде СӘННІҢ ең биік шыңы осы ма? Заман қайда дөңгелеп бара жатыр?! Сәнді аяқ-киім үлгілерін тамашалап, күлкіге қарық болғыңыз келсе, төмендегі ТОП-10-дық сізге арналады.
«Фигураңыз АТ екен!» деген комплимент естіп пе едіңіз? Бұл биік өкше, сол фигурасын ат қыла алмай жүрген аруларға арналады.
Қыздар деген қызық жаратылыс қой. Құрбысы өзінен сәндірек киінсе, көре алмай, жеп қойғысы келіп тұрады. Бірақ онысын сыртқа шығара қоюы екіталай. Міне, бұл аяқ-киім үлгісі дәл сондай аруларға арналмақ. Аяқ-киіміне қарап-ақ, не ойлап тұрғанын біле беріңіз…
Арманына жете алмаған жандар көп.. Өкініштісі сол, қиялдап жүруге тура келеді. Сіз де қиялыңыздың түбінде су перісі болғыңыз келді ме? Уайымдамаңыз! Мына аяқ-киімді киіп алсаңыз, арманыңыз орындалуы мүмкін.
«Кедыны жақсы көрем, бірақ, бойым аласа» деп қиналсаңыз, мына ерекше биік өкшені міндетті түрде сатып алыңыз. Әрі сәнді жүресіз, мәселеңіз де шешімін табады.
Ал, футболдың жанкүйері болсаңыз, мынадай да 2де1 аяқ-киім таба аласыз.
Әдемі педикюріңізді ешкім байқамай, аяғыңыз назардан тыс қалып жүр ме? Шамасы, бұндай аяқ-киім үлгісін арнайы сіз үшін ойлап тапқан болу керек.
– Аяқ-киіміңзді шешіңі
– А, жоқ, шалбарыңызды шешіңіз? Не?
Балықты өлердей жақсы көретіндер бар. Ендеше, мына аяқ-киімді киіп алып, тамсанып отыруға болады.
Сөмке ұстағаннан шаршадыңыз ба? Қолыңыз еркіндікті аңсай ма? Ендеше, биік өкшенің мына үлгісін ұсынамыз. Заттарыңызды аяқ-киіміңіздің кәрзеңкесіне салып алып, еш алаңсыз жүре бересіз. Қандай рахат, солай ма?
Ақерке Берденбекқызы
Қызық деректер екен! Ішім түйілгенше күліп алдым рахмет! Нағыз журналист жан-жақты болуы керек емес пе? Жан-жақтылықтың үлгісін сізден көргендеймін!😁 Тек Алға! Жазарыңыз көп болсын!