Көктемгі образыңды таңдап үлгердің бе?

       Сәнді әшекейлер – сәнді образдың маңызды элементі. Сақина, сырға, алқа-білезіктер – арулардың қызығушылығын ұдайы арттырып келеді. Ал, 2018 жылдың көктем-жаз мезгілінде қандай әшекей-бұйымдар сәнге еніпті?

    Биылғы трендке енген ең басты әшекейлердің бірі – білезіктер. Аталмыш мезгілде жуан және жіңішке, металлдан не былғары мен пластиктен жасалып, інжу маржандармен безендірілген көлемді білезіктер сәнді деп табылады! Жай ғана білезіктер емес қос білезіктер, пар білезіктер – биылғы сәннің ең басты деталі.

      Мойын әшекейлері, түрлі алқалар – білезікпен керемет үйлеседі. Алқалардың жалғыз өзін емес бірнешеуін қоса тақсаңыз – сіз сөзсіз сәнқой ару атанасыз! Бұл мезгіл көлемді әшекейлердің мезгілі! Алқаңыз да барынша көлемді, тастары үлкен, әр-түрлі пішінді болуы керек.

       Сәнді сырғалар да артық етпейді.. Биылғы трендте көш басын “люстра (шам)” іспеттес сырғалар бастап тұр. Сондай-ақ, көлемді, үлкен сырғалар мен клипсалар да сәнді. Тіпті, сырғаңыз иығыңызға дейін жетіп тұратын, ұзын болуы керек. Сырғаңыздың бір сыңарын жоғалтып алдыңыз ба? Керемет! Сіз трендтесіз! Биылғы сән – бұрынғыдан өзгерек! Жалғыз сыңарлы сырға тағуыңызға әбден болады, тек дизайны ерекше болса болғаны.. Сонымен қатар, түрлі пішін мен түрлі стильдегі микс сырғалар да сәнді болып табылады.

       Ал, сақиналар биыл екі түрлі позицияны ұстап отыр. Бірі – жуан металлдан жасалған , үлкен тастармен, түрлі гүлдермен безендірілген сақиналар болса. Екіншісі, футуристикалық дизайндағы көлемді сақиналар. Тағы бір белгілі тенденция – ұқсас дизайнды жүзіктер. Сәнгерлер сақинаны тек бір ғана емес, бірнеше саусаққа қатар тағуды ұсынып отыр. Тіпті, бес саусағыңызға бірдей тағып алсаңыз да болады.

       Қалпақ  (кепи)  – ағылшын тілінде “наубайханашы  жігіттің шляпасы” деген сияқты қызық мағынаға ие болған. Қызық атау, бірақ кепи – биылғы трендтің ең шыңында тұрған сәнді аксессуар! Әр сәнқой ару бұл классикалық бас киімді киіп көруі керек. Кепи, сіздің стиліңізге сай болмаса, биылғы сәнді бас киім – қара беретті киіп көріңіз! Өзіңізді нағыз француз аруы сезінетін боласыз! Неге қара түсті деген ойға қалған шығарсыз? Қара түс жайдан-жай таңдалған жоқ. Қара түс әрқашан да сәнді түс және барлық киімдерге үйлесе беретін универсал түс болып табылады.

       Белдік сөмкелер – бүкіл әлемге тарап, бүгінде өте сәнді бұйымға айналып отыр. Оның бірден-бір себебі – ондай сөмкелер өте қызық, әрі өте ықшамды. Сонымен қатар, өте ыңғайлы: қолдарың да бос, образың да ерекше шықпақ. Аталмыш сөмкелер спорттық киімдермен де , классикалық киімдермен де үйлесе береді. Бастысы фасоны мен түсін дұрыс таңдай біліңіз!

      Егер, бұндай типті сөмкелер көңіліңізден шықпаса, иыққа тағатын , қысқа белбеулі сөмкелерді көріңіз. Биылғы сәнді сөмкелердің тағы бір түрі – бамбуктан жасалған сөмкелер. Бұндай сөмкені тек жағажайға барғанда тағу керек деп есептесеңіз, сіз қателесесіз! Себебі, бамбуктан жасалған сөмкелерді енді барлық жағдайда тағуға болады. Бастысы, ең сапалысын және өзіңіздің стиліңізге сәйкес сөмкені таңдап алыңыз: ол клатч түрінде болуы мүмкін, иыққа тағатын сөмке болуы не кәрзеңке тәріздес болуы мүмкін.

     Тізеден жоғары, қан қызыл түстес шұлық тәрізді етіктер биылғы сәннің ең ерекше үлгісі. Егер, жұрттың назарында жүргіңіз келсе қызыл етік киіп алыңыз! Бұндай етіктер “ботфорт етіктер” деп те аталып жүр.

       “а ля Матрица” көзілдіріктері биылғы киножұлдыздардың фавориті. Осы мезгілде “Матрица” фильмінің басты кейіпкері киген қара түстес көзілдіріктер сәнге еніп отыр. Бұл ретро-көзілдіріктер элегантты, қара түсті, жіңішке оправалы болып келеді. Осындай ерекше дизайнымен көзге түседі.

      Платформалы аяқ киімдер – биік өкшеден шаршаған сәнқойларға таптырмас аяқ киім!   Иә, иә, бұндай аяқ киімдер 70-90 жылдары өте сәнді болған, бүгін де олар өз маңызын жоғалтқан жоқ. Платформалы аяқ киімдер өте ыңғайлы, әрі биік! Кез келген киіммен үйлестіре киіп жүре аласыз!

Ақерке Берденбекқызы

INFOTIMES

5 Comments

  1. Оте тамаша. Талабына Нур жаусын Акерке.

  2. Керемет! Жазар көбейсін жастардың көңілінен шығып жатса керемет қой!

  3. Керемет! Қаламыңыз мұқалмасын))) Нəзік жандылар үшін өте пайдалы ақпараттар екен.

  4. Жақсы жазылған мақала? Негізі мамандығым жаңа трендті, жаңа нәрсені қарап жүру болғандықтан, осындай керемет жазылған мақала таптырмас мәлімет көзі. Қазақ тілінде, қазақша “content”-тер көбейсің. Мақала авторына рахмет!

  5. Керемет тек биіктен корін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *