Сәнге айналған шаш үлгілері

Қазақ жерін 18 млн халық құрайтын болса, соның ішінде 4/3 бөлігін әйелдер қауымы толықтырып тұрғандай. Қыр гүліндей құлпырған, жауқызындай жайқала қанат қаққан аруларымыз әсемдік атаулының символы десек қате айтқанымыз болмас. Әрбір әйел азаматын оның бойындағы жан дүниесі мен сыртқы келбеті ерекшелендіріп тұрады. Сұлулықтың біз ойлағаннан да көптеген түрлері бар. Әрқайсысының алар орны да өзгеше. Солардың бастауы десек, шаш үлгісін айтар едім. Кез-келген келбетке жаңа шаш үлгісі басқаша әсер беріп отырады.

Қазіргі таңда заман ағымына қарай барлығы өзгеріс тапқан. Бұрында шаш үлгісін беттің пішіміне қарай таңдайтын аруларымыз, бүгінгі күні жылдың ең үздік, сәнге айналған шаш үлгілерін жасатып жатады.

 Ендеше 2019 жылы қандай шаш үлгілері сәнге айналмақ?

Қысқа шаштарға арналған:  КАРЕ

Каре шаш үлгісінде креатив пен классика біртұтас әсемдік тапқан. Айта кету керек, бұл каре қысқа шашты және де ұзын шашты қыздарға жақсы үйлесімдік сыйлары анық. КЕз-келген жағдайда бұл үлгі өте әдемі болып көрініп тұрады.

Каре шаш үлгісінің бірнеше түрлері бар;

  1. Классика немесе каскад
  2. Асимметриялық;
  3. Боб-каре

Сондай-ақ, ең қысқа каре үлгісі де бар. Алайды бұл соңғы уақыттары сәннен біртіндеп кетуде.

Сәнге айналған ассиметриялық каре

   Ассиметрия – бұл дресс код, күнделікті бір тәртіпті классикалық үлгіден шаршаған жандарға арналған таңдау. Креативті және де түрлі экспериментке дайын жандарға арналған шаш үлгісі болып есептеледі.

 Каскад – бұл әрқашан трендтен шықпайтын, позициясын жоғалтпайтын үлгінің бірі. Ол орташа ұзындықты шаштарға ыңғайлы әрі жарасымды. Бір қарағанда, шаш өте қарапайым болып көрінгенімен, бірақ бұл олай емес. Каскад әрбір аруға жеңілдік пен нәзік сыйлай отырып, махаббаттың біртұтас символы болып саналады.

       Боб-каре – бірнеше маусымнан бері сұранысқа ие және де ешқашанда өзіндік позициясын жоғалтпаған шаш үлгілерінің бірі. Артқа қайтарылып, күнделікті укладканы талап етеді. Шаш ерекше болып тұруы үшін, оған арнайы күтім жасап, күн сайын жуып тұру қажет.

Қандай шаш үлгісін алсаңызда есіңізде сақтаңыз, оның әсемділігі мен  көркемділігі әрқашанда күтімге байланысты болып келеді.

Лаура Алтынбек

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *