Сіз уақытты тиімді пайдаланып жүрсіз бе?

Уақыт алтыннан да қымбат. Уақыт ол – секунд, минут, сағат, күн, апта, ай, жылдар. Уақыт зымырап өтіп жатыр,ал біз осы уақытымыздың қадірін білеміз бе?

Уақыт тым қысқа,таң атады,кеш батады.Алайда осы уақытты тиімді,пайдалы,әрі қызықты өткізу сіздің қолыңызда! Уақытын тиімді пайдалана білген миллиардер Билл Гейтстің жеткен жетістіктері өте көп. Билл Гейтс: «500 жыл өмір сүретіндей бейқам болмаңыз» деп үнемі ұрантатып жүреді. Сондай-ақ ғалымдардың зерттеуі бойынша 8 сағат — жұмыс үшін, 8 сағат— демалыс, 8 сағат— ұйқы үшін уақытымызды пайдалану керек. Ал біздің осы 8сағат-демалысымыз әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Сондықтанда уақытты тиімді пайдалану үшін топ-3 кеңес:

1)күнделікті жоспар құру

2)өзіңіз ұнататын іспен айналысу,жеке хоббиіңіз болу

3)Жұмысты ертеңге қалдырмау

Күнделікті жоспар құру: таңертең ұйқыңнан тұратын уақыттан бастап, төсекке жатқанға дейінгі уақытқа жоспар құра алу.

Өз хоббиіңіз:егер сіз өзіңізге ұнайтын іспен айналыссаңыз,уақыттың қалай өткенін білмей қаласыз. Уақытыңыз текке кетпиді, бастысы пайдалы іске жұмсалып жатыр. Жұмысты ертеңге қалдыру: әр нәрсе өз уақытымен болса,онда сіз уақытты үнемдеп үйренесіз.

Ендігі кезекте сіздерге 3 қызықты фактпен бөлісейін:

Механикалық сағаттар, кейбір мәліметтер бойынша, біздің заманымыздың 8 ғасырында ойлап табылған.

Минуталық тіл сағатта 16 ғасырдың ортасында пайда болды, екіншісі шамамен 200 жылдан кейін.

Бірінші ай күнтізбесі Вавилонда пайда болған сияқты. Бұл біздің эрамызға дейінгі II мыңжылдықта болды. Дәлдік тұрғысынан ол өте дөрекі болды — жыл 29 — 30 күндік 12 айға бөлінді.

Әмірханов Жәңгірхан

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *