Сіз білмеген 7 тәсіл



     Қытай жауынгерлерінен мұра ретінде қалған шарф бізді суықтан қорғап қана қоймай, болмысымызға ерекшелік береді. Бір қызығы, осы бір керемет аксессуарды басында ер адамдар қолдана бастаса, кейін әйелдер қауымының да назарына іліккен. Бүгінде нәзік жандылардың да, ерлердің де киімдерінің бір бөлшегіне айналған шарф – орамалдарын байлаудың сіз білмейтін 7 түрлі тәсілін ұсынамыз.



  1. Бұл тәсіл бойынша байлау үшін жұқа, жібек шарфты пайдаланған дұрыс. Шарфтың ортасынан аса қысыңқы емес түйіншек жасап алу қажет. Түйіншекті алдыңғы жаққа қаратып, шарфты мойынға айналдыра байлайды. Шарфтың ұшын арт жағына бұрмалап әкеліп, түйіншектен бірінен кейін бірін өткізеді. Түйіншекті түзетіп, өлшемі бойынша ретке келтіру керек.

      Ұзын ұшын қысқа ұшына орап, үстіне қарай көтеріп, алдындағы айналдыра байлағанда пайда болған түйіншекке кіргізу керек. Түйіншекті тартып байлап, орамалдың ұштарын бірдей етіп түзетеді.

  1.  Оюланған жібек орамалды осы тәсілмен байласа тіптен қатып кетеді. Шарфты екіге бүктеп мойынға салады. Пайда болған ілмекке орамалдың бос ұштарын кіргізеді.

  1. Жібек шарф немесе орамалдың енін өз қалағанынша бүктеп, мойынға салады. Соңын алдынан бұрмалап, мойынның артынан байлап қояды.

  1. Қалыңырақ жібек шарфты алдымен екіге бүктеп, кейін диагональ бойынша айқастырады. Орамалды мойынға байлап, бір жанынан, үстіңгі бұрышынан кішкентай түйіншек жасайды.

  1. Үлкен, жұқа орамалды үшбұрыштап иыққа салады. Әр ұшының соңын сақина немесе брошь арқылы өткізіп, қалаған ұзындығына дейін жеткізеді, кейін түзетеді.

6.  Жұқа орамал немесе шарфты мойынға байлап, ұштарын сақинадан өткізеді. Соңын артқа қайырып, сақинадан тағы  бір рет өткізеді.

  1. Орамалды осы тәсілмен байлау арқылы күнде жаңа жейдеше (блузка) жасауға болады. Түйіншек үлкен болып қалмау үшін орамалдың матасы жұқа болғаны жөн. Жұқа орамалды жайып, теріс жағын алып, дәл ортасынан кішкентай түйіншек жасау керек. Түйіншекті ішіне қаратып, диагональ бойынша орамалды түзеп, мойынға саласыз, ұшын артынан байлау қажет.



Аружан Әлкен

INFOTIMES

One Comment

  1. Тамаша, пайдалы кеңестеріңізге рахмет! Көбірек шығарып тұрсаңыздар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *