“СПОНЖДЫ” ТАЗАЛАЙЫҚ!

Қазіргі таңда, ғаламторды ашсаңыз, түрлі пайдалы кеңестер өте көп. Олар күнделікті қолданатын түрлі заттар мен киім-кешекке дейін жалғасады. Заманауи “лайфxак” атанған түрлі кеңестірдің бірімен біз де таныстық, сынап көрдік.
Біз нәзік жандылардың күнделікті макияж жасауға арналған ыңғайлы заттың бірі спонжды қалай тазалау керектігіне тоқталамыз. Түрлі тоналды кремдермен былғанған спонжды тазалау үшін:
– 1 стақан жылы су;
– сабын( сұйық);
– қысқатолқынды пеш қажет.
Бірінші: Стақандағы жылы суға сабынды құйып араластырамыз.
Екінші: көпірген суға спонжды батырамыз.
Үшінші: қысқатолқынды пешке 2-3 минутқа қоямыз. Уақыт аяқталған соң, жақсылап сумен жуамыз.

 

Дәл осы ретпен жасалған лайфxактың нәтижесі суретте көрсетілген. Өздеріңіз көріп тұрғандай, тәжірибенің тек 60 пайызы ғана ақталды. Бәлкім, ұзақ уақыт қысқа толқынды пеште ұстау керек пе еді? Әлде сабын аз болды ма?
Бірақ, не болса да келесі жолы ескеретін боламыз. Бастысы бағытымыз түзу.

Зарина САРСЕНБАЙ
Журналист

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *