Соңғы уақытта сән әлемін жаулап алған ұлу терапиясы жайында естідіңіз бе?

Иә, кәдімгі жыбырлаған жәндік бетіңізге массаж жасайды. Мұның бар құпиясы сол. Ұлудан бөлінген шырышты қабық дәруменге өте бай. Атап айтсақ, терінің жастығын сақтайтын коллаген, эластин және А, С, Е, В6, В12 дәрумендері сол шырыштан бөлініп шығады.

Көптеген косметологиялық заттар ұлу шырышынан жасалады. Себебі ғалымдар ұлудың құрамын зерттеп, оның денсаулыққа пайдалысын анықтаған.

Ұлу терапиясы тек қыз – келіншектерге ғана арналған десеңіз, қателесесіз. Ер адамдардың да бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Әсіресе, табиғи өнімдер теріге оң әсерін тигізеді.

Алғашқы емнен кейін бет терісі ылғалданып, тегістеледі. Ең бастысы, беттегі жараны жазуға көмектеседі. Сондықтан теріге де уақыт бөліп, емдеген жөн. Себебі, денсаулық нашарласа, көңіл күйдің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Жанайым Қуандық

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *