СОЛАҚАЙ АДАМДАРДЫҢ ДАРЫНДЫ БОЛУЫ КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ПА?

13 тамыз солақайлар күні

Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин, Бенжамен Франклин, Пол Маккарти, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форт, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен, Прокофьев, Гете,  Кафка сияқты танымал тұлғалардың есімдері кездеді. 1992 жылдан бастап 13 тамыз халықаралық «Солақайлар күні» деп ресми бекітілген. Осы қасиетке ие жандар әлем халқының  10-12 %-ын құрайды.

Адамдардың солақай болуының себебі генетикалық кодтың өзгеруіне байланысты. Осы саланы зерттеп жүрген орыс ғалымы А.П.Чуприковтың айтуы бойынша оның себептері төмендегідей:

-Жүктілік кезінде жұмыспен көп шұғылдану;

-Тұмау ауруына шалдығу;

-Сапасыз, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдардан улану.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі еркектер қауымы көп жағдайда солақай болып өмірге келеді. Әдетте,  солақай ер адамдардың  иммунитеті төмендеп, асқазан жарасы ауруына шалдығады. Жалпы солақайлар екі типке бөлінеді. Біріншісіне өте дарынды, қай жағынан болса да икемді жандар жатқызылады. Ал екіншісіне бірінші типтегі адамдарға қарама-қайшы белгі көрсететін жалқау жандар жатады.

Солақайлар мен оңқайлардың айырмашылықтары:

Солақай

Оңқай

Өзіндік белгілері:

Ауыз екі сөйлеу. Жазбаша.
Оңай ажырату. Ажырату қиынға соғады.
Мәлім. Беймәлім.

Тапсырманы орындау белгілері:

Қарым-қатынасты бағалау. Жан-жақты қарым-қатынас.
Ұқсастықты қалыптастыру. Айырмашылықты қалыптастыру.
Ауыз екі сөйлеу дағдысының

қалыптасуы.

Көру  арқылы  талдаудың қалыптасуы.

Қабылдау ерекшеліктері:

Аналитикалық  қабылдау. Толығымен қабылдау.
Бірінен соң бірін қабылдау. Біруақытта қабылдау.
Абстарктылық, жалпылық  нұсқаларды қабылдау.. Нақтылы қабылдау.

Морфофизиологиялық белгілер:

Ұсақ заттар түрленіп көрінеді. Ұсақ заттар ыдыратылып көрінеді.

Функциялар:

Ауыз екі-таңба.   Синтетикалық кеңістік.
 Ауыз екі сөйлеу қабілеті. Жазбаша қабілеті.
 Уақытша. Кеңістік.
Анализдік талдау. Синтездік талдау.
Бірінен соң бірін қабылдау. Бір уақытта қабылдау.
Абстрактылы қабылдау. Нақтылы қабылдау.

Солақайлық әр кезеңде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдайды.

Нью-Йорктегі Сэйнт Лоурене университеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэфициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдығы өте жоғары. Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар деп біледі. Мароккода солақайларды «жын» деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды. Адам баласының 90 % оңқай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.

Ғалымдардың айтуынша солақайлар математика, архитектура  секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемді. Солақай жандардың миының оң жақ және сол жақ бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді. Әлемдегі 1%  адам ғана екі қолмен бірдей икемде жұмыс істей береді.

Сәбиді етбетінен жатқызған кезде оңқайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді.

Жалпы айтқанда солақайлардың дарынды болуы кездейсоқтық  емес, заңдылық. Себебі, солақайларда оң жақ ми бөлігі жақсы дамыған. Ал, ол ми бөлігі-шығармашылыққа яғни «елестету» қабілетіне ие. Солақайлар символды, образды, ақпаратты тез өңдейді, сонымен қатар параллель ақпаратты игеру олар үшін аса қиындық туғызбайды. Яғни, бірнеше істі қатар атқара алады.

Көктем ҚАРҚЫН

ЕҰУ студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *