«Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында пікірсайыс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер мен студенттердің арасында «Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбы бойынша облыстық деңгейде пікірсайыс болып өтті.

Пікірсайыстың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметті еліміздің дамуының іске асыруға бағытталған ең маңызды қызметі ретінде тану және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Пікірсайыс екі кезеңге жоспарланған: аймақтық және республикалық.

Шараның ашылу салтанатында алғаш сөз кезегін алған департамент басшысы, пікірсайыстың комиссиясының төрайымы Нұргүл Жанназарова қатысушыларға: “Мұндай пікірсайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді” дей отырып, барлықтарына сәттілік тіледі.

Аталған іс-шараның аймақтық деңгейінде МО Казынашылық департаментінен, Бейнеу ауданы Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласы әкімі аппараттарынан Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінен, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасынан 20 –дан аса мемлекеттік қызметшілер қатысып, өз бақтарын сынады.

Пікірсайыс раундтарының тақырыптары бойынша яғни, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада көрсетілген өзекті мәселелерді есепке алып, негізгі бағыттарын айқындады.

Өздерінің өткір пікірлері мен ұшқыр ойларын ортаға салған сайысқа қатысушылар ұтымды ұсыныстарын жан-жақты талқылады.
Жеңімпаздарды анықтаған байқау комиссиясының шешімімен сайыс нәтижесінде:І орынды Қарақия ауданынан Дастан Сансызбаев пен Білім бақылау департаментінің бас маманы Балуанияз Сатыбалды иеленді.
ІІ орын иегері болып Абзал Қарақойшиев пен Дүйсенбаев Айдынғали атанса,
ІІІ орынға Ақтау қаласы әкімі аппаратынан Айгерім Шынжырова мен Алия Мырзагалиева ие болды.

Ал «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша МО Білім басқармасынан Асхат Тулеуов пен МО Индустрия-инновация басқармасынан Гүлмира Ертлиева марапатталды. Сонымен бірге «Үздік спикер» Дастан Сансызбаев атанса, «Үздік төреші» болып Ромат Сағындықұлы болды.

Спикерлердің ішінен жоғары бал жинап, үздік атанған Дастан Сансызбаев пен Абзал Қарақойшиев республикалық деңгейде өтетін дебатқа жолдама алды.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *