Ою-өрнек – ежелгі өнер

  Ою-өрнек – өте ежелгі өнер. Қазақ қолөнерінің арасында ертеден дамып, күні бүгінге дейін әрбір ұлттық бұйымның ажарын, ұлттық бейнесін ашып көрсетуде ою-өрнектің орны ерекше.

Ою-өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Көп ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Археологиялық қазба жұмыстарында табылған керамикалық ыдыстардың біразы геометриялық ою-өрнектермен, яғни ирек қалыппен өрнектелген.Әрбір ою-өрнектің өзіндік мазмұндық ерекшелігі бар. Мысалы, ирек ою – суды, дөңгелек ою-айды, құс қанаты – еркіндікті, азаттықты, бейбітшілікті , қошқар мүйіз оюы-молшылықты, байлықты білдірген.

Қошқар мүйіз оюы

Құс қанаты оюы

      Ою-өрнектерді негізінен 3 түрлі топқа бөліп қарастыруымызға болады:

1. Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапырағы, сабағы , дәні/
2. Зооморфтық ою-өрнектер / жануар, аң-құс, балық/
3. Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/.

Төл өнерімізді зерттеуге Еуропа ғалымдары көп үлес қосты. Ғалымдар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыда талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымдамалары ою-өрнектердің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған.Кезінде белгілі этнограф Садық Қасиманов 200 – дей оюдың атауы мен 50-ге жуық ою-өрнектің мазмұнын ашты. Ал, белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын қағазға түсірген. Бүгінгі таңда суретші -көне ою-өрнекті сабақтастыра отырып, жаңа ою-өрнек түрлерін дамытып келеді.  Ендігі міндет – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу.

Гүлбарам Құрақ

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *