ОТАНДЫҚ АЯҚ КИІМ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

«Ерінбеген етікші болады», – деп қазекем бекер айтпаған ғой, сірә.  Етікшілік – ерінбей, жалықпай үйренетін өнер. Ата-әжеміздің естелік әңгімесін тыңдай келе, кезінде әр ауылда  етікші саны көп болғанын, еңбегі жоғары бағаланғанын байқаймыз. Ал, қазір қалай? Ұзақ киіс бермеген аяқ киімді жөңдеуге беруді ұмытқан сынайлымыз. Етікшіге барғанша жаңасын сатып алуға дайын тұратынымыз рас емес пе? Бірақ, бір сөзбен елімізде бұл сала кеншін қалуда деп айтуға болмайды. Етікшілікті де кәсіп көзіне айналдырған зауыт-фабрикалар елімізде  баршылық.

       «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2011 жылы іске қосылған кәсіпорын еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы  үздіктердің бірі. Тарихқа көз жүгіртсек,  өңірге 1940 жылы  Украинадан аяқ-киім фабрикасы көшіріліп әкелінген.   Ол соғысқа қажетті аяқ-киім  өндірді, 1995 жылға дейін жұмыс істеді. Бірақ тоқырау жылдары  жабылып қалды. Аталмыш фабриканың ізін жалғастырушы кәсіпорын бүгінде тек ерлерге арналған бәтеңке, етік,  модельді аяқ киімдер шығарады (суретте). Фабрикада қазіргі кезде 60 адам еңбек етеді.    Өндіріс көлемі айына 4 мың, жылына 50 мың жұп аяқ киімді құрайды. Қазіргі таңда ірі кәсіпорындармен серіктестік жасауда.

 

“Lux shoes” ЖШС Шымкент қаласында 2018 жылы іске қосылды.

Түрік технологиясы негізінде әйелдер мен ерлерге, балаларға арналған аяқ киім өндіреді. Барлық топтамалар таза былғарыдан жасалады. Қарамағында 80 жұмысшы бар. Қазіргі таңда кәсіпорын отандық тапсырыстарды қабылдауда. Сондай-ақ, алдағы уақытта дайын өнімді ТМД және Орталық Азия елдеріне экспортқа жіберуді көздеуде.

«Жамал-ай» ЖШС кәсіби киім мен аяқ киім өндіруді 1993 жылы  бастады. Қазіргі таңда, елімізде ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Өндірушілер ерлер мен әйелдерге арналған Шәркей  «Sharkey» брендті мокасиндер тігеді. Оған керекті материал көрші  Ресейден арнайы тапсырыспен алдырылады. Бағасы көңілге қонымды. Қазір фабрикада 140-тан астам жұмысшы қызмет етеді. Олардың 60-ы аяқ киім цехында істесе, 50 маман тігін бөлімінде жасайды. Әзірге тауарлар Астана мен Алматы қалаларында саудалануда.

Жоғарыда көрсетілген өндіріс ошақтары нарықта өз орнын айтарлықтай иеленген. Дәл осындай шағын кәсіпорындар еліміздің түкпір-түкпірінде бар.  Бірақ, өкініштісі, олар халықтың тең жартысын қамтуға әлі де қауқары жетпеуде. Отандық өнімнің  әр аймаққа таралуы тұтынушының сұранысына байланысты. Қай мезгіл болмасың, аяқ киім таңдауда отандық өнімге назар аударсақ, елімізде ғана емес, өзге елге экспортқа шығуға  мүмкіндік болар еді. Бірі білсе, бірі білмейтін кәсіпорындар әлі де өндіріс көлемін арттырып,отандық өнімді тиісінше дамытады деп сенеміз.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *