Ақтау қаласындағы көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арналған кітапханада кездесу өтті. Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова Брайль шрифтімен (зағиптарға арналған шрифт) дайындалған жадынама және қызмет алушылардың құқықтары жазылған аудиожазба түріндегі СD дисктерді табыстады.
Осы топтағы тұлғалардың ешқандай кедергісіз мемлекеттік қызметтерді барлығымен теңдей алуға құқылы екендігі айтылды. Брайль шрифтімен жазылған жадынамалар арқылы азаматтар құқықтары бұзылған жағдайда, өздерінің қайда және қалай шағымдануға болатыны туралы нақты жазылған.
Сонымен қатар, жиынға қатысушы кітапхана оқырмандары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, департамент басшысы тарапынан мардымды жауаптарын алды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, әрбір қызмет алушы: мемлекеттік қызметтер алу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуге құқылы екендігі айтылды.
Ал қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 30-36-48, 30-36-49 жұмыс телефондарына, 87071701424 шұғыл желісіне немесе 1424 Call center хабарласуға болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі