2021 жылдың 6 тамыздада сағат 11:00 де БҒМ Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Қазақстан халқы этнос өкілдері арасындағы «Мен қазақша сөйлемін» республикалық акциясының ЖОО студенттері мен ересектер арасында 5 шілде – 5 тамыз аралығында өлең жолдарын мәнерлеп оқудан өткен үшінші кезеңінің қортындысы шығарылады.
Акция мемлекеттік тіл – қазақ тілін ұлтаралық қатынас құралы ретінде беделін арттыру, азаматтардың қазақ тілін меңгеруге мән беріп, әлеуметтік салаларда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға ықпал ету, тіл меңгерушілерді ынталандыру, тіл меңгеруді насихаттау.
Акцияға катысушылардың өнерлерін қазылар алқасы сараптады, шешімдері хаттама түрінде рәсімделді. Екінші кезең бойынша жүлделі орындар:1-Гран при,1-Бірінші орын,1-Екінші орын, 2-Үшінші орын, 5-Ынталандыру орындары беріледі.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне дипломдар табысталады. Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.