Мемлекеттік органдар үшін басым мәселе: ашық деректермен неге жұмыс жасаймыз және оның пайдасы қандай?

Астана Мемлекеттік қызмет хабы және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Мемлекеттік органдар үшін басым мәселе: ашық деректермен неге жұмыс жасаймыз және оның пайдасы қандай» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша тренинг ұйымдастырды.

Тренингті Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов ашты. Ол өз сөзінде цифрлық экономикаға көшудің негізгі элементі ретінде ашық деректердің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттік деректер мен қоғамдық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуде айтарлықтай табысқа қол жеткізген Корея мен Эстония сияқты алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадиров Данияр ашық деректер саясаты ашықтықты арттыруда және азаматтардың ақпаратқа жария қол жеткізу құқықтарын кеңейтуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. «Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – халық, бизнес және ғылыми-зерттеу қоғамдастығы тарапынан ашық деректерге сұранысты арттыру, сондай – ақ мемлекеттік қызметшілерді сапалы ашық деректерді мерзімінде орналастыруға ынталандыру», – деп атап өтті Қадиров Данияр.

Тренингте ашық деректер тұжырымдамасы, олардың артықшылықтары және оларды не үшін пайдалануға болады; стратегия мен құқықтық модельдерді қоса алғанда, халықаралық тәжірибе қарастырылды; ашық деректерге қатысты компаниялардың қандай қиянат тәуекелдеріне тап болатыны туралы мәселелер талқыланды. Бұдан басқа, Қазақстанның ашық деректер порталы егжей-тегжейлі қаралып, Канада, Еуропалық Одақ және Эстония тәжірибесін ескере отырып, оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылар сын-қатерлер мен мәселелерді талқылауға және талдауға, саясатты тиімді әзірлеу және іске асыру бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *