Маңғыстаулық қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бар күштерін салмақ

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде облыстық арнайы мониторинг тобының жаңа құрамдағы отырысы болып өтті.

Өзінің алғашқы кіріспе сөзінде Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова арнайы мониторинг тобының мақсаты мен міндеттері, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру шеңберіндегі алдағы кезеңдегі негізгі басым бағыттарын түсіндіріп өтті.  Спикердің айтуынша, қазіргі Агенттік үшін ең өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік органдар мен орта оқу орындарындар ғимараттарының көлемін оптимизациялау мен үнемдеу, мемлекеттік мекемелерде  ашықтық пен мемлекеттік аппаратқа деген тұрғындардың сенімін көтеретін «Open Space» форматын енгізу.

Департамент басшысы өз сөзінде топ мүшелеріне түрлі салалардағы қоғамдық мониторингті жүргізу барысында мінез-құлықтың белгілі бір шеңберін сақтау қажеттігіне баса назар аударды. Нұргүл Алмасқызының айтуынша, орын алған кез-келген жағдайда топ мүшелері қоғамдық резонанс тудырмай, мәселені конструктивті әрі заңды түрде шешу қажеттігін жеткізді. Сонымен бірге өз мәртебесін пайдаланып, Агенттік және жалпы мемлекеттік биліктің имиджіне нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі назарға берілді.

Отырыстың негізгі бөлімінде топтың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының, ереженің тармақтары талқыланып,  мониторинг тобының әрбір мүшесіне жауапкершілік салалары бекітілді. Атап айтқанда, ХҚКО, МХҚКО, көші-қон қызметі орталықтарына – Д.Үсіпбаев, А. Байбатырова, балалар үйінің қызметіне – С.Ермұханова, Р.Алдоңғарова, сәулет және қала құрылысы саласына – А.Исмагулов, Р.Утесбаева, білім беру саласына – А.Кигликов, денсаулық сақтау саласына – С.Ермұханова, Р.Алдоңғарова, дене шынықтыру және спорт саласына – Г.Мусалимова, А.Ахмедов, кәсіпкерлік және туризм саласына – А.Манов, А.Жарылғасов, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына – Р.Утесбаева, Н.Рафикова, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласына – Р.Алдоңғарова, мемлекеттік кірістер органдары саласына – Л.Қарабалаева, К.Осин, жер қатынастары саласына – Б.Бекентаев, А.Жарылғасов, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласына – А.Ахмедов, Қ.Айтбай бекітілді.

Қоғам белсенділеріне бұдан басқа Агенттік пен Ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мен балалар үйлеріне сыртқы талдау жүргізу механизмдері жеткізілді.

Қоғам өкілдері өз кезегінде арнайы мониторинг тобының имиджін көтеру бойынша біраз ұсыныстарын берді. Атап айтқанда, «Ақ жол» республикалық партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айдар Исмагулов түрлі объектілерде қоғамдық мониторинг жүргізу барысын облыстық телеарнада кең көлемде жарыққа шығаруды ұсынды. Ал, белгілі блогер, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Римма Утесбаева әртүрлі салалардағы қоғамдық бақылауды жүргізу нәтижесі бойынша аналиикалық мақалаларды баспасөз бетінде тұрақты түрде жариялап тұру қажет деген ұсынысын  ортаға салды.

Жалпы айтқанда brainstorming, яғни ойталқы түрінде өткен отырыста топтың әрбір мүшесі арнайы мониторинг тобының алдағы уақыттағы қызметінің ұйымдастырушылық әрі стратегиялық мәселелері бойынша өз пікірін жеткізуге толықтай мүмкіндігі болды.

Арнайы мониторинг тобының мүшелері туралы ақпарат күнбе-күн әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұратын болады.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *