Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің басын қосқан спартакиада мен қайырымдылық жүгіру акциясы өз мәресіне жетті

«23 – маусым мемлекеттік қызметшілер күні» және Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты облыстық Спартакиада өтті.

Спорттың 8 түрінен өткен шараға 600-ден астам мемлекеттік қызметшілер қатысты. Гір көтеру, қол күресі, шағын футбол, жүзу, волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан өткен сайыс өзара мықтыларды анықтады.
Ауқымды іс-шараға 20 команда қатысты. Атап айтқанда аудан-қалалардан әкімдік, ішкі істер және сот органдары, төтенше жағдайлар, аумақтық департамент және т.б. белсенді қатысты.
Спартакиаданың ашылуында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназарова қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүргендерге өз алғысын жеткізді.


«Спартакиаданы өткізудегі мақсатымыздің бірі – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Ең бастысы – мемлекеттік органдар арасында өзара ынтымақтастық болуы қажет, себебі барлығы да елдің дамуы жолында аянбай тер төгуде және оларға барынша жағдай жасалуда. Қуантарлығы уақыттың аздығына қарамастан, мемлекеттік қызметшілер уақыт тауып осындай жарыстарға белсенді қатысуда», – деді Нұргүл Жанназарова.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер және қала тұрғындары “Алға басу” атты қайырымдылық жүгіру шарасына қатысып, Аружан Сайынның «ДОМ» атты қайырымдылық қорына қаржылай қолдау білдірді.
Іс-шараға белсенді қатысқан мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов құттықтады. Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы 2 шақырым қашықтыққа жүгіру марафонына 300-ден астам адам қатысты.
Акция мақсаты – денсаулығы сыр берген балаларға көмек қолын созумен бірге, мемлекеттік қызметшілердің бойында қайырымдылық, имандылық сияқты қасиеттерді және бұқаралық спортпен шұғылдануға үндеу арқылы салауатты өмір-салтын қалыптастыру болып табылады.
Түрлі жас санаттарына бөлініп жүгіруден соң жеңімпаз мемлекеттік қызметшілерді марапаттау рәсімі болып өтті. Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Н.Жанназарова өзінің құттықтау сөзінде бұқаралық шараны қолдап, марафонға қатысқан мемлекеттік қызметшілерге Агенттік атынан алғыс жеткізді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерді өнерде, әсіресе спортта көбірек жетістіктерге жетіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарына берік болуға үндеді.
Қайырымдылық акциясын қолдап қатысқан мемлекеттік қызметшілерге арнайы сертификаттар табыс етілді және жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен алғыс хаттар табысталды.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *