Маңғыстауда жыл басынан бері халықтың саны 0,5 пайызға өскен

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық статистика департаментінің басшысы Утюшева Римма мәлімдеді.

2019 жылғы 1 наурыздағы есеп бойынша облыстағы халық саны 681 469 адамды құраған, оның ішінде қала тұрғындары  – 270 947 (39,8%), ауылда тұратындар – 410 522 адам (60,2%). Жыл басынан бері халық саны 3 241 адамға немесе 0,5% өскен.

2019 жылғы қаңтар-ақпан айларында Маңғыстау облысында 3115 нәресте дүние есігін ашса, оның 1609-ы  ер бала, 1506-ы қыз бала. Соның ішінде: Ақтау қ. – 868 (439/429), Жаңаөзен – 697 (380/317), Бейнеу ауданында – 351 (180/171); Қарақия ауданында – 180 (85/95), Маңғыстау ауданында – 171 (91/80), Мұнайлы ауданында – 704 (359/345), Түпқараған ауданында – 144 (75/69) нәресте өмірге келген.

Осы кезең ішінде облыста 466 адам қайтыс болған, оның ішінде: Ақтау қ. – 183 адам, Жаңаөзенде – 82 адам, Бейнеу ауданында – 49 адам, Қарақия ауданында – 24 адам, Маңғыстау ауданында – 26 адам, Мұнайлы ауданында – 75 адам, Түпқараған ауданында – 27 адам.

Қаңтар-ақпан айларында облыс халқының табиғи өсуі 2649 адамды құрады, соның ішінде: Ақтау қ. – 685 адам, Жаңаөзен – 615 адам, Бейнеу ауданында – 302 адам, Қарақия ауданында – 156 адам, Маңғыстау ауданында – 145 адам, Мұнайлы ауданында – 629 адам, Түпқараған ауданында – 117 адам. Ал, некелер және ажырасулар саны 576 (757) және 215 (274) сәйкесінше құрады. Некелер және ажырасулардың 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті 5,18 (6,99) некені және  1,93 (2,53) ажырасуды құрады.

Маңғыстауға көшіп келгендердің көпшілігі Мұнайлы ауданына қоныстанған

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 2,3 пайызға өссе, ал облыстан кеткендер саны 4 пайызға азайған.

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық статистика департаментінің басшысы Утюшева Римма мәлімдеді.

«2019 жылғы қаңтар-ақпан айларында Маңғыстау облысына тұрақты тұруға келгендер саны – 5639 адам, соның ішінде: Ақтау қ. – 1124 адам, Жаңаөзен – 778 адам, Бейнеу ауданында – 382 адам, Қарақия ауданында – 275 адам, Маңғыстау ауданында – 223 адам, Мұнайлы ауданында – 2512 адам, Түпқараған ауданында – 345 адам. Иммигранттардың басым бөлігі Мұнайлы ауданында қоныстанған»,-деді  облыстық статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева.

Осы кезең ішінде облыстан 5047 адам көшіп кеткен, соның ішінде, Ақтау қ. – 1820 адам, Жаңаөзен – 819 адам, Бейнеу ауданынан – 381 адам; Қарақия ауданынан – 293 адам, Маңғыстау ауданынан – 197 адам, Мұнайлы ауданынан – 1278 адам, Түпқараған ауданынан – 259 адам.

Маңғыстау облысы бойынша жоғары орташа айлық жалақы Жаңаөзен қаласында

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық статистика департаментінің басшысы Утюшева Римма мәлімдеді.

2018 жылғы ІV тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 134243 теңгені құраған. 2017 жылғы ІV тоқсанға қарағанда 11,2%, ал нақты табыс көрсетілген кезеңде 5,4% жоғарылаған.

«2018 жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 15,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына шаққанда 4,8% құрады. 2019 жылғы наурыздың соңына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 11958 адам, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 3,7% құрап отыр»,-деді Р.Утюшева.

2018 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 278712 теңгені құраса, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға көбейген, нақты жалақы индексі 98%-ды құрап отыр. Еңбекақыдағы айырмашылықтар қызметтің түрлі салаларындағы қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары деңгейі су көлігінде – 978023 теңге, ең төменгі деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 66478 теңге белгіленді.

Аудандар бөлінісінде жоғары орташа айлық атаулы жалақы Жаңаөзен қалалық әкімшілігінде 402 350 теңге болып белгіленген. Ақтау қалалық әкімшілігінде – 289 667 теңге, Түпқараған ауданында – 219 526, Қарақия ауданында – 156 609, Мұнайлы ауданында – 151 364; төменгі жалақы мөлшері Маңғыстау ауданында – 113 294 теңге, Бейнеу ауданында – 113 216 теңге.

Маңғыстауда негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,1 пайызға көбейді

Осы жылғы қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 81039,3 млн. теңгені құраған, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,1%-ға көбейді.

2019 жылғы 1 сәуірдегі тіркелген заңды тұлғалар саны 15234 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан аз қызметкерлері бары – 14906 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10200 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 9874 бірлікті құрады.

2019 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда заңды тұлғалар санының аздаған артуы байқалған.

«Жыл басынан бастап ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек саудада (автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметін қоса алғанда) сақталуда, оның үлесі 2019 жылғы 1 наурызға 26,2% құрады. Екінші орында – құрылыс (19,9%), үшінші орында – өзге де қызметтер түрлерін ұсыну (9,1%). Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 55,1 пайызын құрайды»,- деді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *