Маңғыстауда бірқатар мерекелік шаралар өткізілмек

«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстыру мақсатында баспасөз конференциясын өткізді.

Азаматтық сектор аясында болып жатқан кейбір өзгерістерді атап өткен Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсының президенті Жібек Ахметованың айтуынша, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің кейбір түрін үкіметтік емес ұйымдар көрсете бастады, 2017 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауы біріңғай мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткізілуде. Алайда мұндай мүмкіндіктерді толығымен пайдаланып отырған үкіметтік емес ұйымдар қатары анағұрылым көп деп айту қиын. Оның бірнеше себебі бар көрінеді.

«Еліміздің азаматтық секторының қарқынды даму көрсеткіштерінің бірі ретінде, қоғамда болып жатқан өзерістер болып табылады. Сонымен қатар, ҮЕҰ қаржыландыру көзі ретінде  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан басқа, мемлекеттік және шетел донорларының гранттары бар, алайда, іс жүзінде үкіметтік емес ұйымдар ондай гранттарға қатысу бойынша толық ақпараттанбағаны байқалады», – деді Жібек Ахметова.

Алдағы уақытта Азаматтық Альянс облыстық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес секторды дамыту атты жобасын жүзеге асырмақшы. Аталған жоба аясында ҮЕҰ өкілдерінің әлеуетін оқыту шараларын ұйымдастыру арқылы көтеру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларға мониторинг жасау, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша ақпараттық кездесулер, азаматтық форум ұйымдастыру, 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мониторингісі және өңірдегі өзге үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде 2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы өзекті әлеуметтік-маңызды жобалардың тізбесін дайындау жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ, тағы бір жүзеге асырылатын жобаның бірі «ҚР стратегиялық даму бағдарламаларын, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, аймақтағы оны жүзеге асыру барысын халық арасында түсіндіруге бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» болып табылады.

Жоба аясында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын түсіндіру және насихаттау бойынша кездесулер, «Қайсар жандар» қайырымдылық акциясын, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін оқыту шараларын ұйымдастыру, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жолдары тақырыбында жастар арасында пікірсайыс байқауын және Елбасының Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын және мемлекеттік бағдарламалар мен олардың жүзеге асырылуын насихаттау бойынша жастар арасында квест ойындарын ұйымдастыру жоспарланған.

Кәмшат Ізбасарова

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *