ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ БІРІЗДЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылғы 25 қарашада «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы аясында «Лингвистикалық терминдерді біріздендіру» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ атқарушы директорының орынбасары Лиза Қожаққызы Есбосынова кіріспе сөзінде қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі орны жөнінде ой қозғап: «Қазақ тілін толыққанды ғылым тіліне айналдырудың бір көрсеткіші – салалық терминдер. Ал бүгінгі күннің өзекті мәселесі – сол терминдердің сандық та, сапалық та деңгейін арттыру. Оның бірден-бір жолы – терминдерді біріздендіру. Шараның мақсаты – лингвистикалық терминдерді біріздендіруге үлес қосу» деп атап өтті.

«Тіл-Қазына» орталығы Терминология басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Бақытгүл Дәуітбекқызы Ысқақ «Лингвистика саласындағы офлайн- конференциялар: нәтижелер, ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасады.

Онлайн-семинар барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.к. Л.Ә.Еспекова, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, ф.ғ.к. Г.Т.Кәріпжанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының докторанты А.Қ.Қожахмет, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының докторанты А.Н.Ахмет сынды ғалымдар мен докторанттар фонетика, морфология, синтаксис және терминология салалары терминдері жайында пікір білдірді.

Іс-шара соңында 4 офлайн-конференция бойынша ұсынылған терминдер тізімі әзірленіп, жоғары оқу орындары ғалымдарының сараптамасын алу келісілді.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *