Көп естігеннен,бір көрген артық

Кітап – сарқылмас, рухани байлық. Ал, жан азығын кітаптан, көркем шығармадан алатын адамның тұла бойы тұнып тұрған қазына. Кітап заманымыздың өмірі, күллі адамзаттың ұлы байлығы. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі екені анық.

Көп естігеннен бір көрген артық деген қағиданы ұстанып,сәуір айының    3 жұлдызы күні Әсемгүл Бақытжанқызының ұйымдастырумен “Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығына” Журналистика және саясаттану факультетінің Баспа ісі кафедрасының бір топ студенттері барып, танысып қайттық.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 2017 жылы 10 маусымда “EXPO-2017” халықаралық көрмесі аясында ҚР Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Садықов Ерлан Батташұлының қатысуымен ресми түрде ашылған болатын. Сирек кітаптар мен қолжазбалармен таныса отырып,көптеген қызықты мағлұматтар алдық. Бұл орталықта өте сирек кітаптар мен ұлы тұлғалардың өз қолымен жазып қалдырған қолжазбалары сақталған. Ұлттық орталықтың атмосферасы өте ерекше, ашылғанына көп болмасада кез келген оқырманға керек барлық жағдай жасалынған.

Тіпті өзіміздің тариxымыздан бөлек, шет ел тариxы туралы да толық ақпарат ала аламыз. Қолжазбалар мен түрлі кітаптардан бөлек, заман талабына сай жасақталынған компютерлерге де бірнеше сайттардың сілтемесі көрсетілген.

Сонымен қатар, қолжазбалар мен кітаптар тариxынан басқа, жалпы қолжазбалардың қалай өңделетіні, осыншама кітаптың қалай басылып шығатынын өз көзімізбен көріп, ерекше әсер алдық. Ұлттық орталықтың  дәл осы процесс жасалынатын кабинетіне кіруге рұқсат беріле бермейді екен, алайда біздің бағымызға орай бұл көріністі көріп, кітап деген құдіреттің қандай қасиетті екенін сезініп, қандай қиыншылықпен өңделіп,шығарылатынын түсіндік. Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының баспасөз хатшысы Баймуканова Перизат бізден сұхбат алғаннан соң, бүгінгі экскурсиямызды тамамдадық.

Расымен де, кітап көп ғасырлық ақыл ойдың жемісі,тарихымыздың айнасы. Ұлттық орталық көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды тереңінен зерттеуге бағытталған. Орталық барлығымызға ұнады,себебі бұл біздің мамандығымызбен тікелей байланысты.  Енді қолым қалт еткен жағдайда осы орталыққа  келіп, тұрақты оқырманы боламын деген ойдамын. Сіздерге де баруға кеңес беремін!

Дүкенбай Нұрсәуле

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *