«Көптілді әлемдегі орыс сөзі» ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ XIV КОНГРЕСІ

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық қауымдастығы (МАПРЯЛ) конгресі әр бес жылда бір рет өткізіліп, дүние жүзінің 1000-ға жуық ғалымдарын біріктіретін әлемдік тіл біліміндегі ең ірі оқиға. Конгресті қабылдау құқығына, сондай-ақ олимпиадалық қозғалысқа әр түрлі мемлекеттердің ірі экономикалық, мәдени және ғылыми орталықтары бәсекелеседі. Халықаралық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 50-жылдық тарихында конгресс 10 елдің 12 қаласында өткізілді: Париж, Варшава, Берлин, Прага, Будапешт, Регенсбург, Братислава, Санкт-Петербург, Шанхай, Гранада, Мәскеу, Варна.

Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында МАПРЯЛ конгресі тарихта тұңғыш рет өтуде. XIV-ші конгресс қазіргі заманғы және Қазақстандағы көптілділік мәселелеріне арналған, сондай-ақ жаңа технологиялық революцияда тілдердің әдістемелік, лингвистикалық мәселелерін талқылауға арналған.

Бұл Конгресс ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігерді біріктіруге маңызды үлес қосуға арналған.

МАПРЯЛ – халықаралық коммерциялық емес ұйым, ол 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. 1967 жылдың 7 қыркүйегінде Парижде әлемнің бірнеше елдерінің ғалымдарының бастамасы бойынша қоғамдық үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды және қазіргі таңда тірі тілдер оқытатын мұғалімдер қауымдастығының (FIPLV) мүшесі болып табылатын әлемдегі ірі тіл және әдебиет мұғалімдері бірлестіктерінің бірі. 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Парижде МАПРЯЛ‑дың 50-жылдығына орайластырылған Халықаралық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдер қауымдастығы Президиумының кеңейтілген мәжілісі өтті, оған әлемнің 40 елінен 90-ға жуық орыс мұғалімдері қатысқан.

50 жылдан астам уақыт бойы МАПРЯЛ жобасының портфолиосында әлемнің 9 елінде 13 әлемдік конгресс, көптеген конференциялар, форумдар, фестивальдар және ғылыми, білімдік, кітап шығару жобалары бар. Бұл әдіскерлер, мұғалімдер, оқытушылар мен оқулықтар авторлары үшін кәсіби тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.

Конгреске жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан және шет елдердің мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың басшылары, танымал қазақстандық және әлемдік ғалымдар, ақындар, аудармашылар мен қоғам қайраткерлері қатысады.

Конгресс бағдарламасы мынадай он төрт бағыттың жұмысын қамтиды:

  • Қазіргі орыс тілі: зерттеудің социолингвистикалық аспектілері;
  • Жаһандану дәуіріндегі орыс мәдениеті;
  • Қазіргі орыс тілінің жүйелік және құрылымдық сипаттамасы;
  • Тіл өзгерістерінің динамикасы: зерттеудің диахрондық және синхрондық аспектілері;
  • Тіл. Сана. Мәдениет;
  • Қазіргі орыс лексикографиясы: дәстүрлер мен инновациялар;
  • Орыс тілі: зерттеудің коммуникативтік және прагматикалық аспектілері;
  • Мәдениетаралық коммуникациядағы орыс тілі;
  • Орыс тілін ана тілі және шет тілі ретінде оқыту әдістемесі;
  • Орыс және басқа тілдерді салыстырмалы зерттеу: лингвистикалық және әдістемелік аспектілер;
  • Аударма мәдениетаралық түсінік құралы, оқу және оқыту пәні;
  • Медиа кеңістікте орыс тілі;
  • Орыс әдебиеті әлемдік әдеби процесте: тарихы мен қазіргі күйі;
  • Орыс әдебиетін оқыту әдістемесі: теория және практика.

Сонымен қатар, алты Дөңгелек үстелдің жұмысы жоспарлануда. Съезд аясында Қазақстан мен шет елдердің ғалымдары мен әлемнің баспагерлерінің кітаптарының көрме-тұсаукесері өтеді.

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *