“Көктем лирикасы” атты поэзиялық кеш өтті

Заманның ағымына бейімделе білудің өзі – өнер. Шекаралар біздің миымызда ғана.
ЕҰУ-де “Alqa” атты әдеби-сазды ұйым бар. Күнкөріспен күрескен, ақшамен арпалысқан бұл қоғамда руханият үшін тегін күш жұмсайтын, Алаш аманатын арқалап, түсініп, іске көшкендер аз бұл қоғамда…
Солардың бірегейі – “Алаш қайраткерлері” деген сөздің қысқартылған нұсқасы, аманаттың алқасын тағынған – “Алқа” ұйымы.
Бүгін – “Alqa” әдеби-сазды ұйымының ұйымдастыруымен, “Alqa” кафесінде “Көктем лирикасы” атты поэзиялық кеш өтті ! Елордадағы түрлі ұйымдар мен әдебиет сүйер қауымның басын қосқан кеш – еркін форматта өтті. Кең дастархан басында жиналған ақын жанды студенттер өлеңдер оқып, домбырада, битбокс, эстрада  жанрларындағы әндерден шашу шашты.
Қонаққа келген айтулы ақындар Бауыржан Қарағызұлы, Айжан Табарак, Ажар Ерболған, Біржан Ахмерлер ұйымдастырушыларға тілек арнап, өлеңдер оқып талайлардың жүректерін толқытты.
Көңіл – күйдің жоғары атмосферасын сезінген көпшілік кешті ұйымдастыруға жетекшілік еткен, “Alqa” ұйымы мен төрайымы Толғанай Насихатқызы  алғыстарын білдірді.
“Muzbalaq” ұйымының президенті
Ержігіт Күнтубаев
Область прикрепленных файлов

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *