Жаймашуақ көктем мезгілі – тылсым табиғат түрленіп, жер ананың жайқалып, жасыл баққа орануы ғана емес, нәзік жандылардың да құлпырар шағы…
Айта кетсек, феминистік қозғалыс танымалдығының сән әлемінде белең алуы біз үшін жаңалық емес. Әйгілі дизайнерлер өз топтамаларында нәзік жандылар мен ерлердің сән үлгілерін араластыруға бейім. Иә, әрі кез келген жан ол топтамадан немесе үлгіден өзіндік образын табары сөзсіз. Сәнді үлгілерді құрастырғанда әрбір тұлғаның мүддесі ескеріледі. Ол заманауи, жұмыс басты әйел немесе үй шаруасындағы әйел болуы мүмкін. Ал, 2018 жылға арналған сән үлгісінде бірегей әрі өте сәнді көйлектер жетерлік.
Назарларыңызға сәнді тенденциялар үлгілерін ұсынамыз:
№1 тенденция: минимализм және лаконизм
Arela көйлегі
Eudon Choi көйлегі
№2 тенденция: « Түнгі көйлек» стилі
Бұл стиль жаз айында сәнге айналған. Жіңішке бретельді ұзын көйлектер күнделікті өмірде футболка немесе кардиганмен киіледі. Бұл комплект аласа өкшелі туфлилермен толықтырылады.
Paul and Joe көйлегі
Loreal көйлегі
Ermanno Scervino көйлегі
№ 3 тенденция: «Паеткалар»
Сәндік коктейльді көйлек ретінде паеткалы, қысқартылған модельді таңдауға болады. Жіңішке белдемді сандалдар, биік өкшелі туфли немесе металлды эффектісі бар аяқ-киімдер, бұл образды толықтыруға көмектеседі.
Gucci көйлегі
Fyodor Golan көйлегі
Christian Dior көйлегі