Көктемгі авитаминозбен қалай күресуге болады?

Сарышұнақ аяздың беті қайтып, көктем жақындаған сайын әлдебір жылылық пен шуақты күтіп тағатсызданғанымызбен, сол көктемде әлсіздік балағымыздан тартып, авитаминоз пайда болады.

«Авитаминоз – адам ағзасындағы дәруменнің тапшылығы. Қыстың ортасында және көктемнің басында жиі кездеседі. Белгілері: терінің құрғақтығы, бозғылттануы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ашушаңдық, шаршаңқы болу. Оның алдын алу үшін қазан-қараша айларында дәрумендер, поливитаминдер кешенін қабылдау керек», – дейді мамандар.

Авитаминоздың алдын алу үшін қажетті дәрумендер тізбегі төмендегідей.

С Витамині

Аскорбин қышқылы маусымаралық рационға қосу керек ең маңызды витаминдердің бірі болып саналады. С витамині иммунитетті нығайтады, ағзадағы әртүрлі инфекциялармен күреседі, суық тию ауруларына қарсы тұрады, стресспен және депрессия белгілерімен күреседі. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы коллаген өндіруге қатысады. Бұл зат теріні тегіс және серпімді етеді.

Өнімдер: цитрус, итмұрын, киви, қарақат, болгар бұрышы, қырыққабаттың барлық түрі, жасыл бұршақ, құлпынай, таңқурай, жасыл пияз, шырғанақ, шпинат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

D Витамині

Бұл витамин холестеринді синтездей отырып, күн әсерінен теріге шығарылады. Қыста және көктемде D витаминін азық-түліктен алуға болады. Ол ағзаға кальций сіңіруге көмектеседі және сүйек пен тістерді нығайтады. Әсіресе балалар мен қарттар үшін бұл витаминнің  маңызы зор.

Өнімдер:  балық майы, уылдырық, қызыл балық, жұмыртқа сарысы, бауыр, қаймақ, сары май, сүт және сүт өнімдері.

А Витамині

Ағзаға А витаминінің жетіспеуі көздің нашарлауы мен терінің құрғауына әкеледі. Балаларда бұл витаминінің жетіспеушілігі баяу дамуды тудыруы мүмкін. Зерттеулерге сүйенсек, бұл витамин онкологиялық аурулармен күреседі.

Өнімдер: сәбіз, асқабақ, қызылша, крапива, қызанақ, жүгері, қызыл бұрыш, өрік, бауыр.

 

 

 

 

 

 

 

В1 Витамині

В1 витамині табиғи антидепрессант ретінде белгілі. Ол жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне жауап береді, зат алмасуға белсенді қатысады, ас қорыту және жүрек-қантамыр жүйелерінің жұмысына оң әсер етеді.

Өнімдер: сұлы, қарақұмық, күріш, қара бидай, жұмыртқа сарысы, ашытқы, бұршақ, жаңғақтар, сиыр еті, брокколи, брюссель қырыққабаты.

 

 

 

 

 

В2 Витамині

Бұл витамин қандағы гемоглобиннің түзілуіне жауап береді. Рибофлавин (медицина тілінде) денсаулық пен сұлулық витамині болып саналады. В2 витамині ағзадағы зат алмасу процестерін қарқындатады, тыныс алу және жасушалардың өсуі үшін пайдалы, сондай-ақ көруді, терінің, шаш пен тырнақтың жағдайын жақсартады.

Өнімдер: жарма, сүт, ет, балық, жұмыртқа, жаңа піскен көкөністер, бауыр, бүйрек, жапырақты жасыл көкөністер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гульдана РАХЫМБЕКОВА

Журналист 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *