Күннен қорғайтын көзілдірікті таңдай білесіз бе?

Жердің жүзін бейне ұжмақка теңейтін жаздың шуақты күндері де жақындап келеді. Жаз деген сөздің мағынасын «демал, жазыл, жадыра» деп түсінетін жандарға арқаңызды кеңге жайып,  керекті кеңестермен қазірден бастап жазға дайындалғаныңыз дұрыс. Осы сәтте күннен қорғайтын басты аксессуарлардың бірі  – көзілдіріктер еске түседі.Күн сәулесінің түсуі – көздің торлы қабығына зиянын тигізеді. Бұл сізге ұнай қоймасы анық. Дегенмен дәлелденген дүние.

Ең әуелі оны кез келген дүкеннен емес оптикалық орталықтардан алған жөн. Сапасыз көзілдіріктер көздің алдын қарайтып көрсетумен қатар қарашыққа салмақ түсіреді. Бұл жағдай адамның көру қабілетіне кері әсер етеді.

Сонымен көзілдірік таңдауда қандай жәйттарды ескеру қажет.

1.Көзілдірік линзасына аса мән беріңіз. Линза ультракүлгін сәулелерден толық қорғауы тиіс.

2.Көзілдірік бет пішініңізге сай болуы маңызды. Киген кезде ет сүйегіңізге тіреліп тұрмауы керек.

Стилистер күннен қорғайтын көзілдірікті  адамның бет пішініне сай таңдауға кеңес береді. Мәселен,  сопақша пішінді  бетке  жалпақ көзәйнек тартымдылық сыйлайды. Көзілдіріктің жиегі бет сұлбасынан асып кетпеуі тиіс және жоғарғы бөлігі қастан жоғары көтерілмей тең деңгейде тұрса болады.

Ромб пішінді бетке сопақ көзәйнекті таңдау керек. Маңдайыңыз жіңішке, жақ сүйегіңіз ұзын, иегіңіз жіңішке болса, ойланбастан дөңгелек шынылы көзәйнекті сатып алыңыз.

Дөңгелек жүзділерге, яғни, бетінің жалпақтығы мен ұзындығы бір-бірімен сәйкес келетіндерге  көзілдірік жиектемесі жіңішке әрі сүйір көзәйнек таққандары дұрыс.

Тіктөртбұрышты пішінді бетке  жұмсақ әрі дөңгелек жиекті көзәйнек киген жарасымды.

Тауардың бағасына емес, сапасына мән беріңіз. Кеңесіміз кәдеңізге жарасын!

Жанайым Қуандық

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *