КҮНДЕЛІКТІ СТУДЕНТ КИІМІ

Заман өзгерген сайын адамның талғамы да түрлі өзгерістерге тап болады. 1980 жылдары студент қыздар көбіне гүлді көйлектер мен сарафандар киген болса, қазіргі кезде джинсы шалбарымен бірге ыңғайлы күрте, футболка кигеннің өзі сәнді трендке айналды.

Жоғары оқу орнына киетін киімдер бойынша қыз балаларға кеңес:

  1. Гардеробыңыздан джинсы шалбарын таңдап алып, үстіңізге шалбарға келетін сәнді, ыңғайлы жеңіл жейде (футболка) таңдап алу. Жейдеңізді қалауыңыз бойынша шалбардың ішіне салып қоюға, шығарып қоюға да болады. Бұл оқуда ыңғайлы және әрдайым сәнді болып көрінеді.
  2. 2.Ұзын жейде (рубашка) әр адамның гардеробында болады. Оны тек костюмнің ішіне, классика шалбарымен кию шарт емес. Соңғы 1-2 жылда ер адам болсын, әйел адам болсын водолазканы рубашканың ішіне киюді сәнге айналдырды. Ерсі естілгенімен, әдемі көрінетіні рас. Рубашка мен водолазкаға қара джинсы шалбарын немесе белдемше киюге болады.

Киім киерде эксперимент жасаудан қорықпау қажет. Бәлкім, ол эксперимент бір күні сәнді трендке айналып шығар. Сәнқой студенттерге, ен алдымен, ыңғайлы киім керек. Осы кеңестерге жүгініп, өзіңіз де эксперимент жасаудан қорықпай, оқуға барып көрсеңіз болады. Топтастарыңыз қызығып, қайталауы да мүмкін.  Ол да бір трендті қалыптастыратын шығар.

Гүлдана Рахымбекова

Журналистика мамандығы

2-курс студенті

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *