КҮНДЕЛІКТІ ЖЕҢІЛ МЭЙКАП

Күнделікті өмірде қыздар таңертең университетке жиналып, тезірек бояну керек болады. Сіздер үшін күнделікті өмірге сай, табиғи, көзге түспейтін, бірақ әдемілігіңізді еселендіре түсетін әрі жылдам жасалатын мэйкап үлгілерін ұсынамын.

Егер қатты асығып тұрсаңыз, күндізгі макияж үшін тегіс тері, қалың кірпік пен ерін жылтырағы ең оңтайлы нұсқа болып табылады. Осындай қарапайым макияж түр-әлпетіңізге сергектік пен жинақылық береді. Бет теріңізге тоналды крем, ерніңізге жылтырақ далапты жағыңыз, ал кірпіктеріңізді тушьпен жақсылап бояңыз. Мұндай макияж жасау көп уақытыңызды алмайды.

Әсел БАҚЫТҚЫЗЫ

ЖУРНАЛИСТ

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *