Кроссовки туралы сіз білмейтін 7 факт


     Спортты жақсы көресіз бе? Спорттық аяқ-киімдердің фанатысыз ба? Ендеше, бұл ақпаратты міндетті түрде білу керексіз! Сіздерге әлемдегі ең әйгілі аяқ-киім – кроссовки туралы қызықты ақпараттарды ұсынамыз.


  1. Сникерс атауы “ұрлану” деген мағынаны білдіретін ағылшынның “sneak” сөзінен шыққан. Бұлай аталу себебі, аталған аяқ-киім үлгісі дыбыс шығармайтын ең алғашқы аяқ-киім түрі.


2. Мүмкін емес, бірақ шындық. Атақты Nike компаниясың 80 000 пар кроссовкиі бір сәтте судың астында қалған. Контейнер 1990 жылы Тынық мұxитына құлап, бүгінгі күнге дейін мұxит түбінде жатыр.

     3. Әйгілі Nike Air Force I моделі сатылымы ең жоғары спорттық аяқ-киім. Таңқаларлығы сол, олар ешқашан жарнамаланбаған екен.

4. Adidas логотипінің нені білдіретінін білесіз бе? Ади Дасслер логотиптің соңғы нұсқасын 3 ұлына арнаған, нәтижесінде, 3 сызықты логотип пайда болған.        5. Суретші Джим Лассердің туындысы. Дәл осындай із қалдырады…

6. Nike компаниясының негізін қалаған Билл Бауэрман әйелінің вафель дайындайтын құралын (вафельница) сындырып алған. Оған ас үй құралы не үшін керек болуы мүмкін? Міне, қызық! Ол кроссовки табанының жаңа дизайнын жасамақшы болған…

       7.  Boombox Sneaker – тек спортшыларға ғана емес, меломандарға да арналған таптырмас аяқ-киім үлгісі! Бұндай қызықты көріп пе едіңіз? Үрлемелі шынымен жабдықталған, табаны көмірсутекті талшықтан жасалған бұл аяқ-киімге 300 ваттық күші бар ойнатқыш орнатылған.

Ақерке Берденбекқызы



 

 

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *