КИІЗ ҮЙ НЕГЕ ШЕҢБЕР ПІШІНДІ?!

Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін айшықтай түсер нәрсесінің ең бастысы – киіз үйі. Қолөнері мен дарыны, дүниетанымы мен сұлулық туралы талғамы киіз үй бойынан айрықша айқын танылады.

Жаңаша жыл санауға дейінгі I мыңжылдықта бастау алып, ХХ ғасырға дейін тұяқ іліктірген кҿшпелі өмір салттың кіндік мекені – Қазақстан аймағы. Қазақ халқы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін, дҽлірек айтқанда Кеңес өкіметі халық дәулетін өктемдікпен тәркілегенге (конфискация) дейін негізінен көшпелі өмір салтта болды. Қазақ халқының ең ұзақ уақыт аясында көшпелі өмір салтта болу себебі, біріншіден, Еуразия Ұлы Даласының ең енді тұсы Қазақ даласы болып табылады. Яғни, бұл дала бойлық бойынша тербеле көшіп-қонуға, былайша айтқанда, табиғаттың қатал құрсауынан сытылып шығып, жыл құсы сияқты мәңгілік көктемді қуалап отыруға мейлінше қолайлы еді. Екіншіден, технократтық даму бел алғанға дейін қазақтың қуаң даласында тіршілік үшін бірден- бір қолайлы өмір салт көшпелілік болды. Үшіншіден, қазақ халқының бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараласып, түркі әлемінің кіндік мекенінде болуы да көшпелі өмір салттың тұрақтылығына себеп болды. Көшпелі өмір салтқа бейімделу үшін көптеген алғышарттарды игеру керек еді. Ең алдымен, уақыт пен кеңістікті игеру қажет болды. өйткені, уақыт пен кеңістік туралы тыным-түсінік қалыптастырмай тұрып көшпелі өмір салтқа ойысу, бейнелеп айтқанда, қайда барарыңды білмей тұрып жолға шыққандай қайырсыз тірлік болмақ. Екіншіден, жыл құсы сияқты қатал табиғат құрсауынан сатылып шығып, жүздеген-мыңдаған шақырым кеңістік аясында үнемі көктем мен жазға ілесіп, мейлінше ілкімдікпен көшіп-қонып жүру үшін қолайлы баспана керек еді. Бұл қажеттілік дүниеге киіз үйді әкелді. Киіз үй көшпелі өмір салттың негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, ұдайы шыңдалып, ұдайы сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйде көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам-танымының және шеберлік- шалымының ең жарқын айғағы деуге болады. Тал бойына халықтың мыңдаған жылғы шығармашылық ізденісін жинақтаған киіз үй жинамалы және жылжымалы сәулет өнерінің үлгісі ретінде өзінің қайталанбас болмысымен қайран қалдырады.

Дәстүрлі киіз үйдің артықшылығына мыналар жатады:

  • Барлық құрылымның жиналуы мен бұзылуы қарапайым — тиісті ептілік пен көмекшінің арқасында үдіріс екі-үш сағат уақытты алады;
  • Беріктігі. Киіз үй дөңгелек болғандықтан қатты жел, тіпті дауылға төтеп береді, жаңбырдан қорғайды;
  • Кәдімгі күркелерден айырмашылығы киіз үйдің ішіне пеш орнатып, қабырғаларының қалыңдатып, тығыздаса қыста да пайдалануға болады. Жазда киіздің шетін жоғары көтеріп, үйдің ауасын тазартып,самал желмен салқындатуға Киіз үй көзге ерекше көрінеді, қонақтарды бей-жай қалдырмайды, ішін кілем, басқа да қызықты заттармен, ал жоғары жағын – кестелі жаймамен әсемдеуге болады;
  • Тасымалданатын киіз үйдің салмағы шамамен 150–200 кг, көп болса — 300, тасымалдауға өте ыңғайлы;
  • Киіз үйге қажетті барлық материалдар дәстүрлі түрде табиғи таза, әйткенмен оларды қазіргі кезде заманауи соған бара бар заттармен ауыстыруға болады, бірақ бәрібір лайықты экологиялық таза нұсқасын табуға болады.

Жалпы адамзат тарихындағы ең көне тұрғын үй құрылысы негізінен шеңбер пішінде келген. Бұған мысал ретінде көшпенді халықтардың киіз үйлері, солтүстік американдықтардың вигвам немесе гректердің тенем құрылысын келтірсе болады. Бұл құрылыстар табиғаттағы көптеген жаратылыстарды келтірсе болады. Мысалға ағаш діңгегі, құстар жұмыртқасы және т.б басқа жаратылыстар жатқызуға болады. Мұндай шеңбер пішіндегі ыңғайлығымен қатар, қауіпсіз. Жел және цунами толқындары шеңберлік ізбен айнала қозғалады. Дөңгелек пішінді шатырлар атмосфералық жауын- шашын жүктемесін азайтады. Сонымен қатар, мұндай шатырлар қатты жел әсеріне төзімді.

Заманауи сәулетшілер, стандартты емес пішіндегі ғимараттарды өздерінің жобаларында жиі қолданады. Мұны олар заманауи құрылыс технологияларын көне құрылыс технологияларымен біріктіру деп ұсынады. Бұл шеңбер пішіндегі ғимараттарды одан сайын ыңғайлы, үнемді және қауіпсіз етеді.

Ежелгі заман технологиясында пайдаланылған арқандар, жүзім шыбықтары мен қабыршақтар секілді байланыстырғыш материалдарды заманауи дизайнерлер болат кронштейндер мен сақиналар, сейсмо және дауылдар мен желдерге тұрақты болат арқандар және бұрандалармен алмастырды. Бұл құрылымдық элементтер, шеңбер ғимаратқа беріктілік пен иілгіштік бірегей үйлесімділігін қамтамасыз етті. Өз кезегінде бұл ғимараттың жел сілкінісі, дауылдар немесе тасқын суға және т.б табиғи апаттарға төзімділігін арттырды.

Орталық Азияның таулы даласынан бастау алатын шатыр конструкциясыда бірегей сәулеттік дизайнға ие. Шатырды «компрессия» жағдайында сақтайтын сыртқы және ішкі қысыммен ұсталатын шеңберде итарқалық жүйесі байланыстырылады. Заманауи интепретацияда шеңбер шатыр келесі конструкциялардан құралады: қабырға периметрі бойымен 1-3 берік болат кабельдер салынады, оларға құрылыс фермалары орнатылады. Олардың жоғарғы ұшы бір біріне тіреледі. Мұндай конструкция шатырдың ұзын аралығын ішкі арқалық жүйесіз орнатуға мүмкіндік береді. Шатыр ортасында орналасқан дөңгелек саңылау ғимараттағы еркін ауа циркуляциясын және ыңғайлы температураны қамтамасыз етеді. Қыздырылған ауа қабырғаны бойлай жоғарға көтеріледі, кейін төбедегі саңылауға жетеді. Бұл жерде салқын ауамен араласып, кері ғимараттың ортасына түседі.

Айта кететін тағы бір жайт, дөңгелек пішіндегі ғимараттарды тұрғызуға кеткен материал шығыны төртбұрышты ғимараттарды тұрғызуға кеткен материалдар шығынымен салыстырғанда 15-20% – ға аз. Сонымен қатар, күмбезді төбелі ғимараттардың акустикалық сапасы жоғары болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Сайын Назарбекұлы « Қазақтың киіз үйі»

2. Республикалық ақпараттық- аналитикалық журнал «Жаңа технологиялар», қыркүйек 2016 ж

Директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

Уразаев Даурен Максотович

«Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі» МКҚК

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *