Сіздің гардеробыңызда қанша киім бар? Ал олардан құрастырылатын образ саны қанша?Кез-келген жағдайда өзгеше болып көріну үшін капсула құрастыруға кеңес беремін. Капсула — максималды образ шығаруға болатын минималды киім жиынтығы. Мысалы, суреттегі 9 киім үлгісінен бір-біріне ұқсамайтын, әр түрлі көңіл күйдегі 26 образ қалыптастыруға болады. Бұл — күнделікті өмірге арналған капсула үлгісі. Сондай-ақ жұмысқа, демалысқа, спортпен айналысуға, кездесулерге немесе т.б. жағдайларға арнап капсула құрастыруға болады.Капсулада әр киім бір-бірімен үйлесетіндей етіп құрастырылады. Ыңғайлылығы сонда, сөреден қолыңызға бірінші түскен киімді алып кисеңіз де, айнадан сәнді адамды көресіз.
Лаура АЛТЫНБЕК
Журналист