Заманауи сән әлеміндегі қайталанбас тренд


        Cән әлемінде сағат, тіпті минут сайын тосыннан өзгерістер жасалатындықтан, күн сайын жаңалықтарға тап болатынымыз рас. Сән көрсетілімдеріне қарап, өмірден қалып қалғандай күн кешесіз немесе сәнгердің идеясына «бөгде ғаламшарлық ықпалын тигізсе керек» – деп, ойлауыңыз мүмкін. Кейде киім дизайнерлерінің қиялындағы белгілі бір еркіндік –   таңғаларлық көріністерге жол сілтейді екен.


           Қиялға араша түсе алмадық, амал қанша…

Қазіргі таңда сәнде гендерлік нормалардың ауытқуы басым. Соған орай, ерлердің түрлі топтарды кигені сәнге айналған. Алайда, тұнжыраған мына бозбала, бұл үлгінің ешкімге де шат-шадыман көңіл сыйламайтындығын аңғартып-ақ тұр.

         Елорданың (аязды) көктеміне не киесіз? Әуре-сарсаңға салынбаңыз…

Егер сіздің қалаңызда қыс мезгілі мәңгілікке тұрақтаса, саспаңыз. Бір сарынды қыстық киімдерден шаршаған болсаңыз, күртелеріңізді осылайша түрлендіріп алғаныңыз абзал. Мұндай стиль әрі ерекше көңіл-күй сыйлап, әрі өзіңізді керемет сезінуге көмектеседі, тек өзгелерді шошытып алмасаңыз болғаны.

            Қыста әжемнің ауылына, барып едім қыдырып…

Иә, ауылға барып келген немеренің түрі дәл осындай болады. Қолынан бал тамған әжей, қолдан тоқып берген жемпірінің «трендке» айналғанын білмеген болса керек. « Сұлуынан, жылуы» деген сөзді ұмытпайтын әжейлер ұзақ жасаса дейміз.

             Піл және Моль

«Сұр – жылқының түсі» деуші еді ғой. Мұнда пілдің басын неге қойып қойғаны барлығына беймәлім. Үстіндегі киім үлгісі жарасып-ақ тұр. Елестетіп көріңізіші, туған күн кешінде  досыңыз: «Менің саған тосын сыйым бар!» – деп, пілдің басын киіп шықса.. Меніңше, кеш ары қарай «валерианка» ішуге ұласуы мүмкін.

Сүйікті көйлегініңізді күйе (моль) жеп қойған болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Дәл сол күйде киіп шықсаңыз, сізден артық тренд, сән жайлы білетін адам болмайд. Мүмкін емес, бірақ, шындық.

             Ұйқы немесе көңіл көтеру

Бұл жігітті тәтті ұйқыда жатқан орнынан туған күн кешіне алып кеткен болар деп топшылайық. Қазіргі нәзік жандылар да пижамалық стильде киініп жүр. Бұл мүмкін жалқаулықтың шыңы шығар… Кім білсін.

             “Ағасы бардың шалбары да бар”

Бозбала ағасынан қалған шалбарды киіп мәз. Құдды өзін соншалықты дәрежеге ойша балап алған. Бірақ, «әркімдікі өзіне» деген рас. Кейде сән қуамыз деп шектен шығып жатамыз.

   Күліп жүрейік, күлдіре білейік, бірақ күлкі болмайық..


Аружан Әлкен

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *